Кәдімгі желатин ӘЖІМДІ бетке ӨТЕ пайдалы

0
28 118

Кез келген азық-түлік дүкенінен табылатын желатиннің бет терісіне пайдалы екенін білесіз бе? Одан маска жасап көргенсіз бе?


Кәдімгі желатин ӘЖІМДІ бетке ӨТЕ пайдалы

Желатинді сіз кондитерлік тәтті пісіру үшін немесе тағы да басқа тағам әзірлеу үшін қолданып жүрген боларсыз. Ал, оның әжіммен жақсы күре алатын қасиетін білесіз бе?


Желатин деген не? Ол неден жасалады?


Алдымен, желатиннің құрамымен танысып алайық. Ол мал өнімдерінен, нақтырақ айтқанда жануарлардың сүйегін, терісі мен шеміршегін қайнату арқылы алынатын ақуызды заттардың қоспасы. Оны қайнатып, оны мөлдірлеп, жоғары температурада кептіріп дайындайды.

Желатин тамақ өнеркәсібінде, фото эмульсия жасауда, микробиологияда және косметикалық маскалар дайындау барысында пайдаланылады.


Желатиннен үй жағдайында қандай маскалар дайындауға болады?

Желатин теріні тазартуға, ағартуға және жасартуға әсер етеді. Сонымен қатар, желатин әжіммен де жақсы күреседі. Ең кең тараған және жиі қолданылатын желатин маскаларын назарларыңызға ұсынайық.


Жылдам дайындалатын маска

1 ас қасық құрғақ желатинді жарты стақан бөлме температурасындағы сумен араластырыңыз. Ісінгенше күте тұру керек, содан кейін араласпаны су моншасында жылытыңыз.

Макияждан тазартылған теріге жақсылап жағып, 15 минуттан соң салқын сумен шайыңыз.


Сүт+желатин маскасы

Желатинді сүтпен араластырып қолдануыңызға да болады. Сүт+желатин маскасы теріні ылғалдандырады және нәрлендіреді, әжімді теріні тартады.

Ол үшін құрғақ желатинге сүт қосу керек. Нақтырақ айтқанда, 1 шай қасық желатинге 4-5 ас қасық сүт құясыз. Желатиннің сүтпен араласпасын таза теріге жағып, жарты сағат ұстау керек. Бұл масканың қасиетін арттыру үшін, 1 шай қасық бал қосуға болады.


Глицерин+желатин маскасы

Желатинге глицерин қосып маска дайындасаңыз, оның пайдасы тіптен арта түседі.

1 ас қасық желатинді 4 ас қасық ыстық суда ерітіңіз. Суыған соң 1 ас қасық глицерин қосыңыз. Содан кейін 1 дана жұмыртқаның ақуызын араластырыңыз.

Дайын болған араласпаны алдын ала тазартылған бет терісіне жағып, жарты сағаттай ұстаңыз. Сосын жуып, кез келген нәрлендіргіш крем жағып, ұйқыға жатуға болады.


Қияр+желатин маскасы

Ал, көктемнің алғашқы айларындағы күннің ультракүлгін сәулесінен болған терідегі өзгерісті қалпына келтіру үшін, желатинге қиярды араластырып, маска әзірлеңіз.

Қияр мен желатиннен жасалған маска ең керемет сергіткіш әсерге ие. Бұл масканы тұрақты қолданғанда тері балғындана түседі, бет терісі жақсарады.

Ол үшін 1 шай қасық желатинді 50-75 мл жылы суда көпсітіп алып, содан соң үккіштен өткізілген қиярдың 1 ас қасығын қосып араластырыңыз. Теріге жағып, 30 минуттан соң салқын сумен шаясыз.

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)


Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Ас содасынан жасалған маска беттегі пигментті дақтарды кетіреді


Салбыраған БЕТ ТЕРІСІН үш аптада «ТАРТАТЫН» 3 маска