Кірпік күтімін білесіз бе?

0
6 091

Кірпік - әуелден көздің қорғанышы іспетті. Әсіресе қыздар үшін оның ұзындығы мен қалыңды өте маңызды. Қазіргі таңда қыздар кірпіктерінің сирек екеніне көп шағымданады. Сондықтан бүгін кірпік ненің әсерінен түсетінін және қандай күтім керек екені туралы сөз етеміз.


Кірпік күтімін білесіз бе?

Кірпіктің түсуі – бұл табиғи құбылыс, әрбір кірпік шамамен бірнеше ай ғана «өмір сүреді». Түскен кірпіктің орнына жаңалары шығатыны да қалыпты. Негізі мамандардың айтуы бойынша, күніне бес кірпіктің түсуі қалыпты. Ол кезде қарапайым майсана майын күнделікті кірпіктің түбіне жағып жүрсеңіз жеткілікті. Ал одан көп түсе бастаса, оның себептерін анықтап, ем қолдануға тура келеді.

Кірпіктің түсу себептері: Қазіргі уақытта кірпіктің түсуіне себептерді көп-ақ. Бірақ негізгі себебі көбінде - гормондардың бұзылуы. Сондай-ақ зат алмасудың бұзылуы да кірпікке кері әсер етеді. Одан бөлек химиялық дәрілерді қолдану, зиянды тамақтарды тұтыну, ағзаға дәрумендердің жетіспеушілігі, сапасыз косметика қолдану да кірпіктің сиреуіне себеп.

Кірпікке арналған күтім:

  • Өзіңіздің тамақтану рационыңызды реттеңіз. Ағза үшін зиянды газды сусындар, бутербродтар мен чипсыларды мүлде тұтынбаған жөн. Оның орнына балғын жемістер мен көкөністерді көбейтіңіз.
  • Одан бөлек кірпіктеріңізге пайдалы болатын шаш пен тырнақты қатайтуға арналған дәрумендерді ішіңіз. Олар сіздің кірпігіңізге де пайдалы, өйткені олардың құрамында А және В дәрумендері міндетті түрде болады.
  • Әр күн сайын кірпігіңізге зәйтүн, майсана, ошаған майларын таза щетканың көмегімен жағып жүрген өте жақсы нәтиже береді. Тіпті мүмкіндік болса күніне бірнеше рет жақсаңыз да артықтық етпейді.
  • Өсімдік майына дәріханада сатылатын Е дәруменін араластырып жағатын болсаңыз кірпіктің түсуін азайтып қана қоймай, көз аймағындағы терінің қартаюуын да тежей аласыз.

Кірпікке арналған компресс түрлері:

Кірпіктің түсуіне қазіргі таңда біздің күні-түні ноутбуққа қарап отыруымыз да себеп болады. Мұндай жағдайда дәрілік шөптерден дайындалған копресстің де пайдасы мол.

Ол компресстерді дайындай үшін түймедақ, кекіре және қарапайым көк шәйді де қолдануға болады. Ол шөптерді ыстық суға тұндырып, онан соң мақта дисктері арқылы көзіңізге 15 минут қойып жүріңіз.

Кірпікке шабдалы мен миндаль майының да пайдасы мол. Шабдалы майын жылы күйде мақта дисктері арқылы 12-15 минут көзіңізге қойыңыз. Миндаль майын да осылай қолдануға болады. Бұл сіздің кірпіктеріңізді қатайтып, өзіңізді сергітеді.

Сонымен қатар көзінің айналасындағы тері мен кірпіктердің жақсаруына қарапайым судың да пайдасы бар. Жылы таза (құбыр суы емес) суды көзіңізге бүркіп басыңызды жоғары көтеріп көзіңізді ашып-жұмып 30 секундтай тұрыңыз.

Жанарыңыз үнемі жадырап тұрсын!

Фото ашық дереккөзден алынды.

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ