Моншадан кейін депиляция жасауға болмайды

0
3 359

​Әдемілік біздің ғана еншіміз. Сондықтан үнемі сымбатты сақтауға барынша тырысып-ақ бағамыз. Бірақ кейде артық істеп әдемілікті «асқындырып» алатын кездерде болады екен. Ол үшін нені білу керек? Батырманы төменге қарай басыңыз. Біз сіз білмейтін бьюти-қателіктерді айтамыз.


Моншадан кейін депиляция жасауға болмайды

Әдемілік біздің ғана еншіміз. Сондықтан үнемі сымбатты сақтауға барынша тырысып-ақ бағамыз. Бірақ кейде артық істеп әдемілікті «асқындырып» алатын кездерде болады екен. Ол үшін нені білу керек? Батырманы төменге қарай басыңыз. Біз сіз білмейтін бьюти-қателіктерді айтамыз.

Көп жуыну. Суға тым жиі жуына беруге болмайды. Тазалыққа деген құмарлығыңыздың пайдасынан зияны көп болуы мүмкін. Атап айтқанда, суға көп жуыну теріні қабыршақтандырып, құрғатып жібереді. Одан бөлек аллергияға бейімділік үдеп, бөртпелер пайда болуы мүмкін. Әдетте күніне үш реттен артық жуынбауға тырысу керек.

Макияжға арналған құралдардың таза болмауы. Статистика бойынша, әйелдердің жартысы косметикалық құралдарын тазалауды ұмытып кетеді екен. Бұл қаталік сіздің сұлулығыңызға да, денсаулығыңызға да қауіпті. Өзіңіз күнде қолданатын жаққыштарда қанша бактерия болатынын бағамдап көріңізші?! Ендігі жолы да бетіңізді сол жаққыштармен тазалағыңыз келе ме? Түсінікті, олай болса жаққыштарды аптасына бір рет жуып отырыңыз.

Үнемі бетіңізді ұстау. Бұл әдетті тыю керек! Тіпті қолыңызды сағат сайын жуатын болсаңыз да, бетіңізді ұстай бермегеніңіз абзал. Қолда зиянды микробтар көп болады, себебі барлығын қолыңызбен ұстайсыз. Мысалы орындыққа отырсаңыз да, автобусқа мінсеңіз де, әжетханаға барсаңыз да... қолыңыз бірінші жүреді.

Сақталу мерзімі өткен косметикалар. Әр косметиканың мерзімін есептеп жүрмейтінімізді мойындаймыз. Кейде жуынатын бөлмеде ұзақ тұрып қалған тониктерді немесе бет жуатын кремдерді пайдалана салатынымыз бар. Бұл теріге келетін үлкен қауіптердің бірі. Сол себепті әр құтыны тексеріп, одан кейін ғана пайдаланыңыз.

Моншадан кейінгі депиляция. Моншадан адам денесі буланып шығатындықтан түк толығымен кетпейді. Ол үшін арасына бірнеше сағат салған дұрыс.

Қ.Есенбай