Сурет: ЖИ
Кейде адамның бір ауыз сөзі көңілге тиіп, ұзақ уақыт ұмытылмай қалады. Біреулер ашуға булыққанда ғана дөрекілік танытса, енді бірі ойын еш бүкпесіз айтып, өзгелерге қатқыл көрінуі мүмкін. Ал кей адамдар қанша ренжісе де, дауысын көтеріп немесе ауыр сөз айтып үйренбеген.
Астрологиямен айналысатындардың пікірінше, мұндай ерекшеліктер адамның жұлдыз белгісіне де байланысты болуы мүмкін. Әрине, адамның мінезін тек туған күнімен анықтау дұрыс емес. Дегенмен төмендегі сипаттамалар жұлдыз белгілерінің жиі кездесетін мінез ерекшеліктеріне негізделген қызықты болжам ретінде ұсынылады.
Тоқты – тура сөйлейтін мінезімен ерекшеленеді
Тоқтылардың басты ерекшелігі – ойын бүкпесіз айтуы. Олар көбіне сөзінің ауыр тиетінін байқамай қалады. Сондықтан кей адамдар олардың ашықтығын дөрекілік деп қабылдауы мүмкін.
Торпақ – өзіне дөрекі сөйлегенде ғана жауап қайтарады
Торпақтар әдетте сабырлы әрі ұстамды келеді. Олар бірінші болып жанжал шығаруға құмар емес. Алайда біреу өзіне құрметсіздік танытып немесе дөрекі сөйлесе, дәл сондай жауап қайтаруы мүмкін. Бұл олар үшін өзін қорғаудың тәсілі.
Егіздер – тілі өткір келеді
Егіздер сөзге шешен әрі жылдам жауап қайтарады. Кейде әзіл немесе мысқыл аралас сөздері айналасындағыларға қатқыл болып естіледі. Өздері оны әдейі дөрекілік деп есептемеуі де мүмкін.
Шаян – ешкімнің көңіліне тигісі келмейді
Шаяндар табиғатынан мейірімді әрі сезімтал келеді. Олар қанша ренжісе де, қарсы адамды ауыр сөзбен жаралаудан қашады. Кейде тіпті өз ренішін ішіне сақтап қалуды жөн көреді.
Арыстан – ұнатпайтын адамға салқын қарайды
Арыстандар айналасындағылармен жылы қарым-қатынаста болғанды қалайды. Бірақ өзіне ұнамайтын немесе сеніміне кірмеген адамға қатысты өте суық әрі қатқыл сөйлеп кетуі мүмкін.
Бикеш – бәріне бірдей ашыла бермейді
Бикештер әдепті болғанымен, ұнатпайтын адамға деген салқын көзқарасын жасыра алмайды. Кейде олардың қысқа әрі өткір жауаптары дөрекілік сияқты қабылдануы мүмкін.
Таразы – жанжалдан аулақ жүреді
Таразылар үшін адамдар арасындағы сыйластық маңызды. Сондықтан олар дөрекі сөйлемеуге, ауыр айтып қоймауға тырыспайды. Келіспеушілікті сабырмен шешкенді қалайды.
Сарышаян – өткір сөз айтуға бейім
Сарышаяндар эмоциясын іште ұзақ сақтағанымен, ашуы шықса, өте ауыр сөз айтып жіберуі ықтимал. Сондықтан кейбір адамдар олардың қатқыл сөйлеуін мінезінің бір бөлігі деп қабылдайды.
Мерген – әділетсіздікке шыдамайды
Мергендер – ашық мінезді адамдар. Егер біреу оларды ренжітсе немесе әдейі дөрекілік көрсетсе, үнсіз қалмайды. Олар қарсы жауап беруді әлсіздік емес, әділдік деп қабылдайды.
Тауешкі – шектен шыққанда ғана қатқыл болады
Тауешкілер эмоциясын бақылауға тырысады. Бірақ өзіне орынсыз сөз айтылғанын байқаса, сабырын жоғалтып, қарсы пікірін қатаң жеткізуі мүмкін. Олар үшін құрмет – кез келген қарым-қатынастың басты қағидасы.
Суқұйғыш – эмоциясын жасырмайды
Суқұйғыштар өзіне жағымсыз адамдармен артық сыпайылық танытуға тырыспайды. Егер біреудің әрекеті көңілінен шықпаса, оны ашық білдіруі мүмкін.
Балықтар – жұмсақ мінезімен ерекшеленеді
Балықтар – ең жанашыр белгілердің бірі. Олар қатты ашуланса да, дөрекі сөз айтуға қиналады. Кейде үнсіз кеткенді ауыр сөз айтқаннан әлдеқайда дұрыс көреді.
Дөрекілік – адамның тұрақты мінезі емес, көбіне белгілі бір жағдайға берілген реакция. Біреу өзіне жасалған қарым-қатынасқа жауап ретінде қатқыл сөйлесе, енді бірі мұндай әдетті мінезіне айналдырып алуы мүмкін. Ал кей адамдар қандай жағдайда да әдептен аспауға тырысады.
Дегенмен адамды тек жұлдыз белгісіне қарап бағалау дұрыс емес. Тәрбие, өмірлік тәжірибе, мәдени орта және жеке құндылықтар адамның сөйлесу мәнеріне әлдеқайда көбірек ықпал етеді.
Аударған: Х. ОРАЛ,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:
Табалдырықтағы КІЛЕМШЕ талай нәрсенің ТАҒДЫРЫН шешеді


