Жасаған ​МАКИЯЖыңыз МІНЕЗІҢІЗ туралы "айтып береді"

0
2 119

Макияжды қалай жасауыңызға немесе қалай боянуды ұнатасыз, соған орай, мінезіңіздің сәйкестігін анықтап көріңіз:


Жасаған ​МАКИЯЖыңыз МІНЕЗІҢІЗ туралы

«Түсі игіден түңілме» деген сөзде адамның бет-әлпеті, көз жанары мен іс-қимылдары арқылы көп нәрсені аңғаруға болатынын сеземіз. Алайда «адам аласы ішінде» дегенді де ұмытпауымыз керек. Сыртқы бейне кейде алдамшы болып, оны мүмкін макияж арқылы «жасыруға» тырысатындардың да сырын сарапшылардың айтуынша білуге болады екен.


Қыз-келіншектердің өзіне жарасымды етіп боянуы бір бөлек, бірақ, бояудың қандай түстеріне басымдық береді және аз-аздан жаға ма, әлде барынша қанық, көзге бірден түскенді ұната ма, осы жағына қарап, әйелдің мінезі айқындалып тұратын көрінеді.


Ендеше, макияжды қалай жасауыңызға немесе қалай боянуды ұнатасыз, соған орай, мінезіңіздің сәйкестігін анықтап көріңіз.


Жарқын түстерді ұнататындар

Мұндай арулар өздеріне сенімді, ұйымдастыру қабілеті жоғары. Ұсақ-түйекке дейін егжей-тегжейлі көңіл бөледі. Есте сақтау қабілеті жақсы, барлық маңызды күндерді ұмытпайды. Таныстарының жұлдызнамалық белгісін біледі. Көз контурын айқын және тегіс етіп сызбайынша, макияжын мінсіз деп есептемейтін бикештер тәртіпке бағынады, өзгелерден де соны талап етеді.



«Қиылған қас» пен «оймақтай ерін»

Ашық түсті далап пен қасқа айрықша рең беретін және румянаның стандартты емес түрлерін ұнататын қыздар қызу оқиғалардың ортасында жүруге үйренген. Шетте болып, сырттай бақылап отыруды жаны сүймейді. Өзгелердің назарында болуға ұмтылады. Салтанатты жиындардың «гүлі». Шығармашылық адамы.


СИҚЫРЛЫ көзқарас

Көзге басымдық беретін қыздар өте эмоционалды келеді. Көзді жарқын түстерге бояудан қысылмайды және өте әсерлі сәттерде көз жасын төгуден ұялмайды. Егер де біреу оның жеке кеңістігіне енуге тырысса үндемейді. Мұндай адам өзіне сенімді және өзгелердің назарын өзіне қалай аударуды жақсы біледі.

Онымен тіл табысу, көңілінен шығу өзгелер үшін оңай шаруа емес, дегенмен, олар өз сезімдерін білдіру үшін аздап «ойнайды». Дәл осындай мінезі өзгелерді жалықтырып жіберуі мүмкін.


ҚЫП-ҚЫЗЫЛ ерін

«Шиедей» ерін әйелдің «әйелдік энергиясы» мен өзінің тартымдылығына деген сенімділігі туралы «айтып береді». Көбінесе мұндай макияжды ұнататындар жалғыздықтан жабырқап, ерлер қауымының назарын аударуға тырысатындар жасайды. Егер тұрмыстағы келіншек осылай боянатын болса онда ол жұбымен бірге бақытты және жолдасының оны шынымен әдемі деп санайтынын сезінетіндігі.

Егер әйел көздің боялғанына аса назар аудармай, тек қана қызыл ерін далабын таңдайтын болса, мұндай әйел әрдайым асығыс. Үнемі бірдеңемен айналысып жүреді. Бірақ ең өкініштісі, ол өз уақытын қалай дұрыс жоспарлауды білмейді.


ТРЕНДтік макияж

Бірінен кейін бірі пайда болатын сұлулық әлеміндегі үрдістерді «соқыр» түрде ұстанса, яғни, үйлесімділігіне аса назар аудармай трендте болғандығы үшін косметиканы қолданса, ол ару аңғал. Бірақ өте білімді. Мұндай адамдарды басқару оңай. Олардың нақты ұстанымы жоқ, әрқашан көпшіліктің соңынан ереді.


ЕРЕКШЕ жағдайда ғана жасалынатын МАКИЯЖ

Маңызды кездесулерге немесе арнайы кештерге ғана боянатын арулар өмірден не қалайтынын, өзіне не керектігін жақсы біледі. Оны мақсаты бар адам деп тануға болады. Қажетті мезеттерде ол алға қойған мақсатына жету үшін жанын салады.


ШЕКАРАдан шығу

Яғни, макияж әдістерін қолдана отырып, қас пен көздің, мұрынның немесе еріннің пішінін өзгертуге тырысып, ойдан шығарылған әлемге еніп кетеді. Қабақты бояғанда қасқа дейін жеткізіп бояу, кірпіктің тым ұзын жебедей болуы әлеуметтік желілерге тәуелді қыздардың бейнесі. Олар үшін шынайы өмірде емес, фотода, әлеуметтік желіде сұлу көріну маңызды.


ТАБИҒИлықтан ауытқымау

Яғни, білінер-білінбес, өте жеңіл бояу қолданатын ханымдар әрқашан ішкі тыныштықты қалайды. Өмірге деген көзқарасы даналықпен өлшенеді. Олардың ұстанымын, өздері туралы пікірін ешкім де, ештеңе де өзгерте алмайды.



Макияждың БОЛМАУы

Кейбіреулер мүлдем бояу қолданбайтын қыз-келіншектерді көргенде «өзіне өте сенімді» деп санауы мүмкін. Бірақ іс жүзінде олай емес. Макияжды мүлдем қолдамнбайтын арулардың өмірлік қиындықтармен күресу үшін ішкі күші (ерік-жігері әлсіз) жоқ. Макияждан бас тарта отырып, ол өзінің тәуелсіздігі мен күштілігін көрсеткісі келетін ер адамның рөлін қабылдап алған сияқты.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


10 жылға ЖАСАРҒЫҢЫЗ келе ме? 10 түрлі өнім көмектеседі


Қол терісі ҚҰРҒАП КЕТКЕНДЕ жасалатын КҮТІМ