Мына 10 түрлі азық-түлік өнімдерін бет терісінің күтімі үшін қолдансаңыз, сіздің он жылға жас көрінуге мүмкіндігіңіз бар.
Мына 10 түрлі азық-түлік өнімдерін бет терісінің күтімі үшін қолдансаңыз, сіздің он жылға жас көрінуге мүмкіндігіңіз бар.
Әрине, кім жастық қалпын ұзағырақ сақтағысы келмейді дейсіз?! Ең алдымен, адамның жас көрінуі генетикаға байланысты деп жатамыз. Дегенмен, дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын сақтау да айтарлықтай көмегін тигізеді.
Сондықтан, тамақтану салтыңызды өзгерту қажет болса, оны да жасап көріңіз. Әсіресе, мына 10 түрлі азық-түлікті жиі тұтынуды әдетке айналдырсаңыз, сіздің теріңіз міндетті түрде қартаюды тежейді.
Тәттіден бас тарту сіз үшін қиын ба?
1.АВОКАДО
Тәттісіз өмірін «тәтті» етіп елестете алмайтын бикештер үшін сол тәттілердің орнын авокадомен алмастырыңыз демекпіз. Өйткені, авокадо өнімінде калория көп деп ойлауыңыз мүмкін. Алайда, керісінше, авокадоның тері үшін пайдасы ұшан-теңіз. Авокадоның құрамында С дәрумені, калий антиоксиданты және фолий қышқылы көптеп кездеседі. Мұның барлығы да терінің балғындығын сақтауға кепілдік бере алады.
2. ЖИДЕКтер
Құлпынай, қарақат, бүлдірген, жүзім секілді жидектерді ұнатпайтындарыңыз жоқ шығар. Осы өнімдерді тұтыну теріңізге ғана емес, ағзаңыздың басқа бөліктеріне, атап айтқанда ішкі ағзалардың жұмысының бұзылуынан пайда болатын ісіну, буын аурулары, әлсіздік және зәр шығару жолдарының жұмысын дұрыс атқара алмауын да болдырмайды.
3. СӘБІЗ
Сәбіздің құрамында А дәрумені мол. Ол тері саулығымен қоса, көздің көру қабілетін де сақтап қала алады. Терінің жастығын сақтау үшін сәбізден шырын жасап ішіңіз немесе сәбізді үккіштен өткізіп, тазартылған бет терісіне жәй ғана сәбіздің өзінен маска жасаңыз, пайдасы мол.
4. ЦИТРУСТЫҚ жемістер
Цитрустық өнімдердің құрамында көбінесе С дәрумені мен фолий қышқылы кездеседі. Олар қандағы холестерин мен зәр қышқылын төмендетуге көмектеседі. Цитрустық жемістерді тұрақты тұтынсаңыз, сізде қанға байланысты дерттер, жүрек аурулары аулақ жүреді.
5. САРЫМСАҚ
Сарымсақтың иісі жағымсыз болғандықтан ғана көптеген арулардың сарымсақты тұтынудан бас тартатыны рас. Сарымсақтың табиғи антибиотик екенін де жақсы білеміз. Сондықтан, күнделікті тағамға аз-аздан болса да қосып отырсаңыз, жас көрінуіңізге кепілдік береді. Ағзадағы бактериялар мен инфекцияның жайылуына жол бермейді.
6. ЗӘЙТҮН МАЙЫ
Зәйтүн майының ағза үшін пайдасын таныстырып жатудың да қажеті жоқ шығар. Тері күтімі үшін зәйтүн майының құрамындағы альфа-линолен қышқылынан асатын өнім жоқ десек те болады.
Зәйтүн майының бірнеше тамшысын тазартылған бет терісіне мұқият жағып, көздің айналасына ұйқыдан алдын жағып жатсаңыз, теріңіздің жұмсақ, балғын күйге ене бастағанын сезесіз.
Ұсақ әжімдеріңіздің де жойыла бастағанына көз жеткізесіз.
Таңертең ұйқыңыздан тұрғанда бет тазартушы лосьон орнына да бірнеше тамшы зәйтүн майын қолдансаңыз болады.
Сонымекн қатар, көз айналасындағы әжімдерді кетіруге арналған кремнің орнына да осы зәйтүн майын пайдалансаңыз да кремнен кем түспейді.
Зәйтүн майының ешқандай теріге кері әсері жоқ. Аллергия тудырмайды.
7. ҚЫЗАНАҚ
Қызанақтың құрамында А, С дәрумендері мен фолий қышқылы көптеп кездеседі. Қызанақтың қызыл түске енуіне әсер ететін ликопин қантамыр-жүрек және жұқпалы дерттерден қорғайды. Қызанақтан аптасына 1 рет маска жасасаңыз, жүзіңіз нұрланып, шуағын шашып шыға келеді. Ол үшін қызанақтың жұмсақ етін езіп алған соң, үстіне 2-3 тамшы зәйтүн майын тамызып, араластырсаңыз маска дайын. Осы масканы аптасына кемінде 1 рет жасап тұрсаңыз жеткілікті.
8. МАЙЛЫ БАЛЫҚ
Майлы қышқыл ОМЕГА-3 тунец, лосось, анчоус және камбала балықтарының өне бойында тұнып тұр. Омега-3 қышқылы терінің қартаюын тежейді.
9. КУРКУМА
Куркума қартаюға қарсы және көңіл-күйіңіздің көтеріңкі болуына атсалысады. Күш-қуатыңызды арттырып, сергектік сыйлайды. Куркуманы тағамға қосып пайдалансаңыз да, бетіңізге маска жасасаңыз да болады. Масканы жасау әдісі де өте қарапайым. 2-3 ас қасық құрғақ куркумаға 3-4 шай қасық қайнаған суды құйып жақсылап араластырыңыз. Біркелкі массаға енгеннен соң, ыдыстың бетін жауып 10-15 минуттай күтіңіз. Содан кейін бетіңізге жаға беруіңізге болады. 10-15 минуттай тұрған соң жылы сумен жуып тастаңыз.
10. ҚАРА ШОКОЛАД
Қара шоколад денсаулығыңыз үшін пайдалы. Ағза шаршаңқы болғанда, артық май жиналғанда, көңіл-күйіңіз түсіп кеткенде қара шоколад жеуге кеңес беретіндер табылатын шығар.
Қара шоколадтың жас көрінуде де қосатын өз үлесі барын да естен шығармаңыз.
Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,
Тағы оқыңыз: