ЖАСӨСПІРІМдер бет терісіне дұрыс КҮТІМ жасауы керек

0
2 960

Өтпелі кезеңде теріге ерекше күтім қажет.


ЖАСӨСПІРІМдер бет терісіне дұрыс КҮТІМ жасауы керек

Негізі барлығымыздың басымыздан өткен, өтіп жатқан елеулі жағдайдың бірі. Жасөспірімдік кезеңде гормондық өзгерістердің әсерінен бет терісінде түрлі мәселелер туындап жатады. Безеулер қаптап, дақтардың пайда болуы да ішкі ағзаның өзгерістерінен туындайды. Солай болса да, жасөспірімдік, өтпелі кезеңде мұның барлығы уақытша, өтіп кетеді деп қол қусырып отырған да жарамайды.

Егер беттегі мәселелер асқынып кеткен жағдайда оны қайта қалпына келтіру мүмкін болмай қалатын жағдайлар да кездеседі. Безеудің орны жазылғанымен, орнында әртүрлі тесіктер, тыртықтар қалып қоюы мүмкін. Сондықтан осы жағдайларды болдырмас үшін арнайы күтім қажет. Бетке күтім жасауды осы жасөспірімдік шақтан бастаған дұрыс. Өйкені ол әдетке айналады. Әдетке айналған соң, сізге бет күтіміне арнайы уақыт бөлу қиындық тудырмайды.

Қазіргі заманда, жасөспірімдер түгілі, біз ересектер де фаст-фудты жақсы көріп, жиі осы өнімдермен тамақтанып жатамыз. Бұл әрекетіміз қаншалықты дұрыс?

фотолар: 101hairtips.com

Әрине, дұрыс тамақтанбау,ағзамызға қажетті дәрумендерді ішпеу кері әсерін тигізіп жатады. Оның барлығын бетке безеу қаптап, түрлі дақтар шыққаннан көруге болады. Зиянды өнімдердің не екенін жақсы түсінсек те, одан бас тарта алмаудың зияны көп. Проблемалы терінің иесі атанғыңыз келмесе, осы бастан теріге күтімді толығымен жасаған жөн. Проблемалы теріге арналған жиынтықты толығымен қолдансаңыз ғана өз әсерін береді.


Теріні мұқият тазарту және емдеу жүйесі 4 жиынтықтан тұрады.

1.Көбікті крем
2.Тонер - бүкіл бетке қолданылады, тыныштандыратын әсерге ие.
3. Концентрат
4.Сарысу (сыворотка)


1-ші қадам - жуынуға арналған көбікте 1,8% салицил қышқылы бар, көбік терінің жасушааралық кеңістігінен өлі жасушалар мен майды жақсы кетіреді.

2-ші қадам - тонер. Ол майдың шығуын және безеудің пайда болуын бақылайды.

3-ші қадам - безеуге тікелей қолданылатын және тез әрекет ететін жергілікті безеуден тазарту концентраты. Өнімді терінің зақымдалған аймағына жағыңыз, сонда сіз тез нәтиже көресіз.

4-ші қадам - акне серумынан тазарту. Сарысу (сыворотка) теріні қалпына келтіруге көмектесе отырып, оның майлылығын бақылауды қамтамасыз етеді, тазарту әсерінің күшеюін қамтамасыз етеді.
Сонымен қоса, қосымша дәрумендерді қабылдау керек. Мысалы: спирулина, омега 3, мультивитамдер ішкен жөн. Өсіп келе жатқан ағзаға мұның барлығы өте қажет.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Дұрыс жуынбау: денеден ЖАҒЫМСЫЗ ИІС шығуының себебі неде?

ШАШты түнде емес, ТАҢЕРТЕҢ жуған жөн