​Дұрыс жуынбау: денеден ЖАҒЫМСЫЗ ИІС шығуының себебі неде?

0
4 328

Денеден жағымсыз иіс шығудың себептері әртүрлі.


​Дұрыс жуынбау: денеден ЖАҒЫМСЫЗ ИІС шығуының себебі неде?

фото: pixels.com

Күн жылынып, жеңіл киімге көшкен сәтімізде көпшілік ортада ыңғайсыз жағдайға тап болмас үшін дененің иісінен арылудың жолдарын іздейміз.

Адамда артық салмақтың болуы, денсаулық жағдайының мәселелері, тершеңдік, киімді дұрыс кимеу, яғни денеге қолайсыз немесе табиғи талшықтары мүлдем жоқ, ауа өткізгіштігі төмен синтетикалық киімдерден де денеден иіс шығуы мүмкін. гигиеналық талаптарды сақтамау, біреудің киімін кию арқылы да иіс жұқтырып алу да шындықтан алыс емес.

Негізінен әр адамның өзіне тән табиғи иісі болатыны сөзсіз. Бірақ кей адамдарда қанша жерден таза жуынып, күн сайын иіссу себініп шықса да жағымсыз иістің кете қоюы қиындау сәттер де болады. Дегенмен, жағымсыз иістің шығуы дұрыс жуынбаудан да пайда болады екен. Тіпті өзінің денесінен жағымсыз иіс шығатынын білмейтін адамдар да болады екен. Оларға сіз «үстіңнен жағымсыз иіс шығып тұр» деп қалай айтасыз? Мүмкін сізге де біреу осылай деп айта алмауы мүмкін. Сондықтан үстіңізден жағымсыз иіс шықсын-шықпасын, дұрыс жуынудың тәсілдерін үйреніп алғаныңыз жөн шығар.

Күнделікті өмірімізде мұндай жағдайлармен өзіңіз де бетпе-бет келіп жүрсеңіз, осы тәсілді қолданып көріңізші.


Дұрыс жуынудың ең маңызды 4 қадамы бар

1-қадам. Кір езу

Әр үйде жуыну ваннасы бар болғанымен, аптасына бір рет міндетті түрде қоғамдық моншаға барып, денедегі кірді терең тазарту маңызды. Денедегі кірді толық езбегеннен де адам денесінен жағымсыз иістер шығу ықтималдылығы жоғары болмақ. Оны күнделікті ваннаға түсіп шыққаннан кейін сүртінген сүлгіңіздегі иістен байқасаңыз да болады. Егер шомылғаннан кейін сүртінген сүлгіңізден біраз уақыттан соң иіс шыға бастаса, сіз дұрыс жуынбағансыз. Ол үшін міндетті түрде спа-салондары, қымбат сауналар емес, қарапайым моншаға барып-ақ, бүкіл денеңізге пиллинг жасатсаңыз болады. Өйткені өзіңіздің қолыңыз жетпейтін, езе алмайтын тұстарыңыз болады. Соны тіпті біреудің көмегіне жүгінсеңіз де денеңіздің кішкентай бөлігін де қалдырмай, езіп алғаныңыз жөн. Сонда денеңізден иіс шықпайтын болады.


фото: pivotalorigins.com


2-қадам. Құлақтың арты

Күнделікті өмірде сіз аса мән бере бермейтін, «сырт көзге көрінбесе болды» деп елеусіз қалдыратын тұстарыңыз болса, бұл да дұрыс емес. Бір сипап өту, сабындай салу, шайына салу денеңіздегі елеусіз қалдыратын бөліктердің бар екендігін білдіреді.

Басқасаңыз, құлақтың артын езгілеп жатқан адамдарды көп кездестірмейсіз, мүмкін соның ішінде өзіңіз де болуыңыз мүмкін. Бірақ ең көп жағымсыз иісті тудыратын жер құлақтың арты. Апта сайын моншаға түскенде құлақтың артқы бөлігінің кірін езуді де ұмыт қалдырмаңыз. Артық гормондар, артық майлардың барлығы құлақтың артық жағына жиналып, ең көп иіс тарататын аймақ болып саналады.

Сондықтан құлақтың артын езіп, тазалап жуыңыз. Сонымен қатар, жуынып болған соң дұрыс кептіру керек. Парфюмді де негізгі себетін аймақ деп осы құлақтың артын білеміз. Бұл жер иісті ұзақ сақтайтын аймақ. Хош иісті парфюм ұзақ сақталсын десек те, алдымен жағымсыз иісті болдырмауымыз керек.


3-қадам. Желке

Мойынның артқы жағы-желке. Осы желке тұсымызды ысқылап, кірден арылтқан соң, сабындап, тазалап жуу керек. Жөкемен (мочалка) бір рет ысқылап өткен жеткілікті емес.

Басымызды жуған кезде автоматты түрде желкеміз де жуылып кетеді деп мән бермейтін тұстардың бірі осы желке. Сонымен қатар, кіндікті де мұқият тазартып жуғаныңыз маңызды. Кіндік те жағымсыз иіс шығаратын аймақтардың бірі.


4-қадам. Башпайлардың арасы

Башпай адам денесіндегі ең тершең және инфекцияны көп жинайтын бөлік. Оңайлықпен бұдан арылу да қиын. Сондықтан, аяғымызды жуғанда башпайлардың арасын міндетті түрде езіп, арасын ашып, дұрыстап жуған жөн. Ал моншаға бармаған күні аяқты жуудың қажеті жоқ деп ойламаңыз. Күнделікті башпайлардың арасын тазартып жуып тұру керек. Буындарды да ұмыт қалдырмаймыз. Буындарды әрине жуамыз, бірақ тізе артын, шынтақ ішін, қолтық күнделікті жуылатын жер. Дегенмен кірін езіп, дұрыс кептіріп жүрсеңіз денеңізден жағымсыз иіс шықпайтын болады.

Егер сізден жағымсыз иіс шықпайтын болса, сонда да осы тәсілдерді қолданыңыз, осы мәселелердің алдын аласыз.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ



Тағы да оқыңыз:


ШАШты түнде емес, ТАҢЕРТЕҢ жуған жөн


Боянуда ПРАЙМЕР не үшін ҚАЖЕТ