Тег: Қазақстан

Астанада ер адамның әйелді дүкенде ұрып-соққаны видеоға түсіп қалған

Әйел дүкенде баланы абайсызда қағып кеткен.

Ақтауда күннің қатты ысуы теңіз суын тұшытуға әсер етіп отыр — МАЭК

Ыстық ауа райы ауыз суды тұтынудың артуына да әсер етті.

Ауыл кітапханаларына 500 кітап сыйға тартылды

Акция шалғайдағы ауыл кітапханаларына соңғы шыққан жаңа туындыларды жеткізіп, өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруды көздейді.

Рудныйдағы Соколов-Сарыбай кен орнында жұмысшы қаза тапты

Тау-кен жынысының кесегі опырылып кетіп, ұңғылаушының үстіне құлаған.

Жұбайының келісімінсіз банктер кредит бермейді – ережелер әзірленді

Несие сомасы 3,7 млн теңгеден асатын болса ерлі-зайыптының екеуінің де келісімі қажет.

Ер адам 100-ден астам тірі жыланды шалбарына жасырып шекарадан өтпек болды

Қытайдың кеденшілері Гонконгтан материктік Қытайға 100-ден астам тірі жыланды алып өтпек болған ер адамды ұстады.

Үкімет басшысы Алматы қаласын сумен қамтамасыз ететін резервтік жүйе салу барысын тексерді

Сорғы стансасының аумағында Үкімет басшысы мегаполистің жоғарғы аудандарын сумен қамтамасыз етудің резервтік жүйесін салу жұмысының қарқынын тексерді.

Қазақстанда мал және өсімдік шаруашылығының генетикалық орталығы құрылады

Мемлекет пен бизнес Қазақстанда құнды асыл тұқымды мал мен мал азықтық дақылдарды өсіру үшін күш біріктірмек.