Алматыда жолды кесіп өтпек болған қызды көлік қағып кетті

0
219

Екі қыз жаяу жүргіншілер өткелі жоқ жерден жолды кесіп өтпек болған.


Алматыда жолды кесіп өтпек болған қызды көлік қағып кетті

Фото: © istockphoto.com

ERNUR.KZ. Алматы қаласында жолды белгіленбеген тұстан кесіп өтпек болған екі қыздың бірі көлік астына түсті. Зардап шеккен жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы күндізгі уақытта Алматы қаласының Бостандық ауданында болған. Екі қыз Абай даңғылының Өтеген батыр мен Тілендиев көшелерінің аралығындағы бөлігінде арнайы жаяу жүргіншілер өткелі жоқ жерден жолды кесіп өтпек болған.

Сол сәтте даңғыл бойымен шығыс бағытта келе жатқан BYD автокөлігі қыздардың бірін қағып кеткен. Салдарынан дене жарақатын алған бойжеткен жедел жәрдем көлігімен қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді.

«Бірер минут уақыт үнемдеймін деп, өз өміріңізді қатерге тікпеңіз. Жол үстіндегі бір сәттік қателік ауыр зардапқа әкелуі мүмкін», — деп ескертті полиция өкілдері.