Флешмоб Ұлттық киім күніне арналды.
фото: Акимат Астаны
Ұлттық киім күніне арналған флешмоб "Наурызнама" онкүндігі аясында "QAZAQSTAN" жеңіл атлетика кешенінде өтті.
"Қамажай" - қазақтың ең танымал халық билерінің бірі. Би арқылы бойдағы бар болмысты, мінезді, көңіл-күйді көрсетуге болады. Ал мұндай ауқымды шарада өнер көрсету мәдениетімізді ұлықтаудың әдемі көрінісі. Қыздар дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті, біз олардың жұмысын мақтан тұтамыз", – деді "ШАШУ" фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі Рахат Тәуіржан.
Флешмоб ерекше жарқын сәтпен аяқталды. Бишілерге көрермендер қосылып, әуен ырғағымен бірдей қимыл жасады. Олар іс-қимылдары арқылы әдемі қызғалдақ гүлін еске салды.
Сондай-ақ, іс-шара аясында ұлттық киімдер көрсетілімі ұйымдастырылып, онда Астана қаласының колледж студенттері дәстүрлі қазақ киімдерін көрсетті.