Осылай жасап көріңіз, Сіздің әйеліңізден жақсы ешкім болмайды.
* Сізге арнап құйған шайдың немесе кофеңіздің дәмін татып көргісі кеп тұра ма? Ренжімеңіз, өйткені, әйеліңіздің бұл әрекеті сізге барлық нәрсенің жақсысын қалағаны.
* Балаларыңызбен бірге ойнауыңызды өтініп сұрай бере ме? Ісіп-кеуіп, ашулана көрмеңіз, әйеліңіз балалармен жақын болғаныңызды қалайды, перзенттер тек «өзінікі» ғана болып қалмағанын ойлағаны.
* Мінез-құлқында сізге ұнамайтын тұстары бар ма? Еш ренжімеңіз,сіздің де бойыңызда оған ұнамайтын қасиеттеріңіз толып жатыр. Бірақ, ол сізге шыдайды, ұсақ-түйек кемшіліктеріңізді көзге ілмеуге тырысып, жуып-шаюға даяр тұрады.
* Үй тірлігіне епті емес пе? Сеніңіз, сіздің оған деген махаббатыңыз, сыйластығыңыздың арқасында ол бұл кемшіліктерімен күресіп, барлығын үйреніп шығады.
* Перзенттеріңіздің үй шаруасына көмек беруі үшін сіздің оларға «бұйрық бергеніңізді» талап ете ме? «Өзі неге айта алмайды, өзі неге балаларды жұмсап үйрете бермейді?» деп ойлауыңыз мүмкін. Бұл әрекеті арқылы әйеліңіз отбасындағы БАСТЫ АДАМ өзіңіз екендігіңізді ұқтырғысы келгені. Балаларға әкені сыйлауды, әкенің пікірін тыңдауды осылайша үйретіп, тәрбиелеп жатыр.
* Өзі туралы сіздің пікіріңізді білгісі келе ме? Қайта-қайта өзі туралы сұрап мазаңызды алса, жауап беруден жалтармаңыз. Бұл - сіздің пікіріңіз ол үшін барлығынан да маңызды екендігін аңғартады.
* Айна алдында көп отыра ма? Басқа ойларға берілмеңіз, қызғанышыңыз да орынсыз. Өйткені, тұрмыстағы әйел басқаға емес, сізге күннен күнге ӘДЕМІ болып көрінгісі келгендіктен.
* Жаман әдеттері, орынсыз қылықтары көбейіп бара жатқандай түйіле ме? Мазасыз ойлардан азат болыңыз, күйгелектеніп, уайымға салынуыңыз да бекер. Одан да өзіңізге бір есеп беріп көріңізші?! Сіз оған қаншалықты көңіл бөліп жүрсіз? Назарыңыздан тыс қалып қойған жоқ па?
Бұл мәселенің де шешімі бар, оны еркелетіңіз, тым болмаса, күніне бір рет болса да бір ауыз жылы сөзіңізді аямаңыз. Мұның барлығы оң нәтижесін береді, әйел сіздің назарыңызды аудару үшін кері әрекет етіп жатқан болуы да мүмкін.
* Өзі білмесе де, үйдегі бұзылған кранды немесе тұйықталып қалған ток сымын қалай жөндеу керектігін «үйрете» ме? Қол сілтеп, ашу шақырмаңыз! Бұлай істегені, сізді уайымдап тұрғаны, сізге қандай да бір кеңесімен пайдасын тигізгісі келгені.
* Кейбір мәселелерде сізбен пікір таластырып, тартысса жұдырығыңызды түймеңіз. Бұл- екеуіңізге де жақсы болатынын ойлағандықтан.
Әрбір әйел күйеуінен Расулаллах с.а.с. бұйырғандай мәміледе болғандарыңызды күтеді. «Сендердің ең жақсыларың, әйеліне және қыздарына жақсы қарайтындарың». (Абу Хурайрадан Байхақи риуаят еткен).
(Суреттер ашық дереккөзден алынды)
Г. Жұмаділдаева,
Тағы да оқыңыз:
ЕРІнен көңілі қалып, ЕНЕсіне шағымданатын келіндер НЕНІ жоғалтады?
Күйеуіңіздің ЖОЛЫ БОЛМАЙ жүрсе, МЫНА 3 әдісті байқап көріңіз