Бала ӘРІПТІ ҚОСЫП ОҚИ АЛМАЙ МА? Бұл ата-ананың қателігі

0
4 532

Балаға сабақ үйретуде қандай қателіктер орын алып жатыр?


Бала ӘРІПТІ ҚОСЫП ОҚИ АЛМАЙ МА? Бұл ата-ананың қателігі

суреттер ғаламтордан

Ата-аналардың көпшілігі балаларының әріпті танығанымен, оларды қосып оқу қиындық тудыратынын айтады. Баланы әріп танып оқытуға барын салатын ата-аналар оларға дамытатын, әріп танытатын түрлі кітаптар, ойыншықтар т.б алып жатады. Бала барлық әріпті түгелдей жатқа біледі, есте сақтайды, бірақ қосып оқи алмайды.

Бұл жағдайға көп ретте ата-ананың қателігі себеп болып жатады. Ендеше балаға сабақ үйретуде қандай қателіктерден аулақ болу керектігін білген абзал.


Баланы оқуға ерте бастан үйрету

Баланы оқуға үйрететін ең қолайлы кез 5 және 6 жас. Бала оқып үйрену үшін психологиялық тұрғыдан дамуы қажет. Сондыдықтан бұл жерде «баланы жастан» деген қағиданы ұстануға болмайды.


Әріптерді дұрыс атамау

Баланы алғаш әріптерге үйреткенде оны анық, нақты атаған жөн. Бала шала естіп немесе еркеліктен өз ыңғайына қарай айта салса да әріпті мүмкіндігінше туралап айтқызу керек.


Әріптерді анда-санда және әртүрлі уақытта үйрету

Мектеп жасына дейінгі баланы оқытып үйреткенде онымен ұзақ уақыт өткізудің қажеті жоқ. Яғни аптасына 1 рет сағаттап отырғаннан гөрі, күнделікті 5 -10 минут оқып үйреткен дұрыс.




Әріптерді толық меңгермей жатып оқуға көшу

Ойын баласы болғандықтан балалар өткен әріптерді ұмытып қалуы ғажап емес. Сондықтан оқуға үйретпей тұрып әріпті толық жаттап алуын қадағалау керек. Оқыған әріпін ұмытып қалса да 100 ретқайталап сабырмен үйрету қажет. Егер қандай да бір әріпті үйренуі қиындық туғызса, онда сол әріпті үлкен етіп жазып боятыңыз. Ойыншықтарынан құрап көрсетіңіз.


Баланың шамасы келмейтін тапсырмалар беру

Баланы оқытып үйреткенде асығыстық танытуға болмайды. Егер бала барлық әріптерді толық жаттап біліп алса, бұл оның оларды қосып оқуға дайын дегенді білдірмейді. Сондықтан тапсырманы бірте-бірте көбейткен жөн.

Баланы оқуға үйреткенде мейлінше балаға ыңғайлы жағдайды таңдағаныңыз дұрыс. Бұл нәтижелі болады.


Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз: Қазіргі балаларды тәрбиелеу ҚИЫН БА?


ҚЫЗ тұрмысқа шыққанда КҮЙЕУІНЕН ТАЯҚ ЖЕМЕСІН ДЕСЕҢІЗ