​Баланы ұрмау үшін: ашуланғанда жата қалыңыз

0
1 756

Әлемде 42 мемлекетте баланы ұруға мүлде тыйым салынған.


​Баланы ұрмау үшін: ашуланғанда жата қалыңыз

Әлемде 42 мемлекетте баланы ұруға мүлде тыйым салынған. Бізде заңмен тыйым салынбаса да психолог мамандар баланы мүлде ұруға болмайды деп жиі дабыл қағады.

Бала бауыр етің. Десе де оларды әрдайым еркелетіп, жай сөзбен айтқаныңды жеткізу мүмкін болмайды. Кейде қылығы мен әрекеттері шектен асып, ашуға тигенде жұмсақ жерден шапалақ беріп қалатынымыз бар.

Осындайда ашуға тиіп тұрған баланы ұрмай, өзіңді қалай сабырлы ұстауға болады?


1-қадам. Неден бастау керек?

Ең алдымен шаршауды басып, ұйқыны ретке келтіру керек. Ұйқы 8 сағаттан кем болмауы қажет. Бар күшті, ақша мен уақытты өмірдің осы бөлігіне бөлген дұрыс. Жүйкеге салмақ түсіріп, емдеу үшін дәріге ақша жұмсағанша, балаға күтуші жалдаған жөн. Бұл балаға да, анасы үшін де жақсы.

Қалыптасқан қағиданы бұзыңыз! Жұмыстарымды бітіріп тастап демаламын дегенді керісінше, яғни алдымен демалып кейін қалған тірліктерді істеу қажет.

Бала үйдің қандай кір немесе таза болғанын есінде сақтамайды. Есесіне анасының ашулы немесе күліп жүрген кезі көз алдында мәңгі қалып қояды. Ағзаға демалыс керек.


2-қадам. Баланы ұрмау үшін уақыт керек

Кінәлі кейіптен толықтай арылу. Өзіңмен жұмыс жасау үшін алдымен кінәлі сезімнен арылу керек. Баланы ұрып алып артынан өкініп, «мен нашар анамын, байғұс балам» деген ойды ойламау қажет. Егер баланы ұру бұрыннан әдетіңізде болатын болса, онда оны қою біраз уақыт алады.


3-қадам. Шартты белгі

Үйдегілердің барлығына айқайлауды қоятыныңызды айтыңыз. Әрине бұл бірден бола қоймас, дегенмен шын көңілден ниеттеніп, талпынып көріңіз. Шектен шығып бара жатқанда балаларға сөзіңізді бөліп немесе бөлмеден шығып кетуге рұқсат беріңіз. Бұл әдепті көрінбейді, бірақ өзіңіздің де ісіңіздің дұрыс емес екенін ескеріңіз. Бала тек қана құрбан болмауы керек, оған жағдайды тоқтатуға мүмкіндік берген жөн.

Сіз отбасыңыздың барлық мүшелері қолдана алатын белгі ойлап табыңыз. Мысалы, қолды көтеру. Егер сіз ашуланып, шектен шығып бара жатсаңыз, отбасы мүшелерінің бірі қолын көтерсін. Бұл жұрт көзінше «қойсаңызшы», «келісіп едік қой» дегеннен әлдеқайда дұрыс.


4- қадам. Жату

Кереуетке немесе төсекке жатып алып айқайлап көріңіз. Айқайлау, ұру үшін адамға күш керек. Ал ол күшті жатып көрсете алмайсыз. Сондықтан ашу қысқан кезде бірден жатып қалуға тырысыңыз.


5-қадам. Сабырлық

Ата-ана жақсы жағынан немесе жаман жағынан көңіл бөлсе де балаға бәрібір. Егер жақсы тәртібіне ешқандай эмоция білдірмей, нашар тәртібі үшін ұрсатын болсаңыз, бала қалай әрекет етерін білмей қалады. Сондықтан реакцияңыздың орындарын ауыстырып көріңіз. Бала дастарханды жинасып немесе ойыншықтары мен киімдерін сіз айтпай ақ орнына апарып қоятын болса, онда қатты айғайлап, секіріп қуаныңыз. Ал егер бір бұзықтық жасап, бірнәрсе бүлдірсе үндемей сабырлық танытыңыз. Бала да тура сіздің ісіңізді қайталайды.


Қаталдығыңыз туралы күнделік арнаңыз

Баланы ұрған кезде әр ұсақ түйегіне дейін дәптер арнап жазып отырыңыз. Әсіресе өзіңіздің сезімге берілген жеріңізге көңіл бөліңіз. Жазғаныңызды қайта оқып шығыңыз. Өзіңіздің қаншалықты қатал екеніңізді білетін боласыз және қай жерден өзіңізді тоқтата алатыныңызды да білесіз.

Баланы ұрмас бұрын өзіңізге естірте айтып көріңіз, мысалы, жасым 30 да, мен 4жасар баланы үстін былғап қойғаны үшін ұрайын деп тұрмын. Бірден мұным қаншалықты дұрыс деген ой туындайды.


Баламен баланың тілінде сөйлесуді үйреніңіз

Балаға жақсы көретініңізді айтыңыз. Тыңдайтын, тәртіпті кезде одан да қатты жақсы көретініңізді жеткізіңіз. Осылайша балаға махабатыңыз бен еркелетуге лайық болу үшін не істеу керектігін көрсетесіз.

Өз бетінше істеген ісі үшін мақтаңыз. Нашар іс-әрекеттің артынан қателесіп қалған жақсы баланы көріңіз.


Балаға уақыт табыңыз

Жақын жандары балаға өз махаббатын тек сөзбен емес іспен де көрсете білуі керек. Мысалы, атасы, әжесі қыдыртып келсе немесе әкесі бірге ойнаса, баламен арасы жақындай түседі.


Өлең айтыңыз, билеңіз

Баланы ұрып қоймау үшін іштегі агрессияны өлең айтып немесе билеп шығарып тастаңыз.

Әр ата-ана баланың бала екенін ұмытпауы керек. Олар өмірдің қалай құрылғанын және өмірден не күтетінін түсінбейтін, дұрыс бұрысты ажырата алмайтын кішкентай адамдар. Балалар кез келген жаста қалыптасқан ережені бұзады және сол арқылы сабақ алып жауапкершілікке үйренеді. Олардың өмірлік тәжірибесі жоқ, сезімге көп ерік беретін болғандықтан дұрыс ойланып, жағымды реакция көрсете алмайды. Бала әркез ата-ана махаббатына мұқтаж. Әсіресе оған лайық емес кезде.


Баланы қалай жазалау керек?

Ұруға ұрсуға болмаса, баланы қалай жазалаған дұрыс.

Жұмсақ жеріне шапалақ тимеген бала жоқ шығар. Кейде бұл кішкентай адамды тоқтатудың, тура жолға бағыттаудыңжалғыз амалы. Баланы мүлде ұруға болмайды, бірақ қатты шектен шыққанда ауырмайтындай етіп.

Негізі баланы жазалаудың жас ерекшеліктеріне қарай айырмашылығы болады.

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ең дұрысы ескерту жасау. «Бұлай жасама, бұл жаман. Оның орнына осылай істе», деп айтқан дұрыс. Баламен 1 метр шамасындағы ара қашықтықта сөйлесіңіз. Әр сөзді анық етіп нықтап айтыңыз.

Мектеп жасына дейінгі баланы жазалау қиын. Олар кейде жасына сай емес іс жасап, бүлдіре алады. Ал жаза әр баланың жасына сай болу керек. Мысалы 4 жасар балаңыз бұзық болғаны үшін ұрсаңыз, шамалыдан кейін-ақ есінен шығып кетеді. Сондықтан сабырмен үнемі ескерту жасап отырыңыз.

Жасөспірім. Жасөспірім кездегі мәселенің барлығы ол өзін үлкен сезінеді, ал шын мәнісінде әлі бала екендігінен туындайды. Егер жасөспірім баланы ұруға дейін ашуланып тұрсаңыз, бөлмесіне жіберіңіз. Ашуыңыз басылған соң сөйлесесіз.

Бала бірдеңені дұрыс істемесе бірден қол ала жүгірмей, алдымен түсіндіріп көріңіз. Ол нәтиже бермесе ескерту жасаңыз. Мүмкіндігінше ұрмаңыз. Мамандардың айтуынша бала кезде алған жан жарасы мен тән жарақаты оның ұрпағына да беріледі екен.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.