​Ер азаматыңыздан қолдау болмаса да мақсатқа жетуден тартынбаңыз

0
162

Жақын адамыңыз сіздің ренжулі екеніңізді және одан бір қолдау күтетініңізді білмеуі де, байқамауы да мүмкін.


​Ер азаматыңыздан қолдау болмаса да мақсатқа жетуден тартынбаңыз

Кез келген адамның өмірінде маңызды кезеңдер немесе қиын бір сәттер болады. Мұндай кезде жаныңдағы серігің тірек болып, қолдап жатса нұр үстіне нұр. Алайда кейде эмоциялық қолдау өзіңіз күткендей күшті болмайды. Ондай кезде не істеуге болады?


Болып жатқан жағдайға жолдасыңыздың көзімен қарауға тырысыңыз

Жақын адамыңыз сіздің ренжулі екеніңізді және одан бір қолдау күтетініңізді білмеуі де, байқамауы да мүмкін. Жолдасыңыздың жай-күйіңізді байқамауының мынадай себебі болуы мүмкін.


Өміріңізде болып жатқан нәрселердің маңыздылығын жіті бағаламайды

Мәселен сіз жұмысыңызды өзгерткіңіз келді. Жақсы ваканция таптыңыз, әңгімелесуден өтуге дайындалдыңыз. Бірақ, өте алмай қалдыңыз. Ренжіп, көңіл-күйіңіз түсті. Ал жолдасыңыз үшін бұл қайда жұмыс істегеннің не маңызы бар деген секілді қалыпты, қарапайым нәрсе болып көрінуі мүмкін.


Жолдасыңыздың өзі қиын кезеңде жүр

Мүмкін ер азаматыңыздың өзі де қиын кезеңде, күйзелісте жүрген болар. Сондықтан сіздің қолдауыңызды күтіп өзін жайсыз сезінген шығар. Ал сіз өз мәселеңізбен жүріп оның халін көрмейсіз.

Жоғарыдағы екі жағдайда да жолдасыңызбен сөйлескеніңіз дұрыс. Не мазалап жүргенін, көмегіңіз қажет емес па екенін сұраңыз. Өзіңіздің көңіл-күйіңізді айтыңыз, қолдауын күтетініңізді ашық жеткізіңіз. Мүмкін кедергілерді жеңетін ортақ шешім тауып қаларсыздар.


Өз ынтаңызды берік ұстаңыз

Негізі адамды өзінің ішкі қолдауы, сенімділігі жақсы ынталандырады.

Ішкі ынталандыруды өз бойыңыздан табудың тағы бір тәсілі:

Берілгеніңізді немесе жеңілгеніңзді ойлап көріңіз. Егер қалаған жұмысыңызға тұра алмай қалсаңыз, ештеңе етпейді. Өмір онымен тоқтап қалмайды. Уақыт өте өзіңізді көрсете алатын мүмкіндікер көп болады.


Сыртқы қолдау торын құрыңыз

Жолдасыңыз сізді қаншалықты жақсы көрсе де сіздің бар эмоционалды қажеттілігіңзді қанағаттандыра алмауы мүмкін. Егер күйеуіңіздің көңіл бөлуі ойыңыздағыдай болмай жатса, онда өзіңізді қолдайтын жанды жақын таныс, дос-жаран, әріптес арасынан тапқан дұрыс. Сол жандармен өз жоспарыңызбен бөлісіп көріңіз, қолдау сұрауға тартынбаңыз. Тіпті әлеуметтік желіде пікір жазып, лүпіл басса да сіз үшін үлкен қолдау болады.


Жолдасыңыздың сенімсіздігін ынталандыру ретінде пайдаланыңыз

Мысалы, серігіңіз мүмкіндігіңізге сенбейді. Оған қолдау білдір деп көндіріп уақыт жоғалтпай, бар уақытты мақсатыңызға жету жолына арнаңыз. Бұлай жасап жоспарыңызды жүзеге асырасыз және жолдасыңыздың сіз туралы қате ойда болғанын дәлелдейсіз.


Жеке шекара туралы ұмытпаңыз

Жолдасыңыздың сіздің жоспарыңызға зейін қоймауын кемсіту деп қабылдамаңыз. Онымен ашық сөйлесіп, қандай ісі, сөзі көңіліңізге тиіп тұрғанын айтыңыз.

Қай кезде болсын есіңізде жүрсін: жолдасыңыздың көзқарасы, ойы сіздің ойыңызбен сай келе бермейді. Сондықтан ешқандай артық міндет артпаңыз.


Әрдайым өзіңізге сенімді болыңыз

Қай кезде болсын әр жан үшін өзінің өзіне сенім артуы, өзін бағалауы мақсатына жетуіне мүмкіндік береді. Сол себепті әрдайым өзіңізге сенімді болғаныңыз дұрыс.


Дайындаған: Э.Базарбаева

ERNUR.KZ