​Неге ер азаматтар айтады, бірақ оны істемейді

0
403

Ер азаматтар арасында өте бір епті, айлакер, пысықтары кездеседі. Сүйіктісі тастап кетпеу үшін немесе әйелінің сөзінен жылдам құтылғысы келіп уәде беретіндер бар.


​Неге ер азаматтар айтады, бірақ оны істемейді

фото:ok.ru

Ер азамат уәде береді – әйел бұл туралы әрдайым есіне салып отырады. Нәтижесінде ештеңеге көңілі толмайтын, күйеуінің миын жейтін әйелге айналады. Бір ер азамат әйеліне тон алып берем десе, енді бірі қыдыруға апарамын, ішуді қоямын, кешке ерте келемін, осы жылы ремонтты аяқтап беремін немесе осы секілді көптеген уәделерді үйіп-төгеді, бірақ істемейді.

Мамандар мұның бірнеше себебін айтады:


Жақсы көрмейді

Сіз жолдасыңызбен бірге өмір жолын бастап,бірге өмір сүресіз, отбасылы боласыз, бала туып бересіз, уақыт өте махаббат басылады, сонымен бірге берген уәде де жаймен қала береді. Қасында, күнделікті көріп жүрген адам үшін тырысып, әрекет істегісі келмейді.


Епті айлакер

Ер азаматтар арасында өте бір епті, айлакер, пысықтары кездеседі. Сүйіктісі тастап кетпеу үшін немесе әйелінің сөзінен жылдам құтылғысы келіп уәде беретіндер бар. Мұндай жігіттер қалайда дегеніне жетеді. Ал одан кейін уәдесін ұмытып кетеді және бар кінәні әйеліне жаба салуы мүмкін. Сен есіме салмадың, бір нәрсені айта берген соң істегім келмеді, ашуыма тидің тағы да басқа.


Жауапкершілігі жоқ

Ер азаматтың жасы қаншаға келсе де, ішінде бір кішкентай бала бар. Көңіл көтергенді, сергігенді ұнатады, бірақ уәдесін ұмытып кетеді. Мұның атауы – инфантилизм, яғни өз сөзі мен әрекеті үшін жауапкершілік сезінбеу. Бастысы сүйікті жарының айта бергенінен құтылу үшін уәде бере салады. Бірақ оны мүлде істемейді.


Көңіл күйі тез өзгереді

Кеше балалармен қыдыруға уәде беріп, бүгін бірден жоспары өзгеріп, жолдасының үйіне асарға, көмекке кетіп қала салады. Мұндай адамдарды өзгенің қалауы, өмірі қызықтырмайды. Бастысы өз дегені болса болды.


Әсер қалдырғысыкеледі

Ол бір ерекше әсер қалдырғысы келеді. Сүйіктісі таң қалу үшін кез келген нәрсеге уәде береді. Бірақ, оны орындауға мүмкіндігі бола бермейді.


Ауырып қалды

Бұл уәдені орындамауға дәлелді себеп. Мұндай жағдайда ер азаматты түсініп, кешіруге болады.


Жайлы әйел

Әйелі жайлы ер азаматтар да берген уәдесін орындай бермейді. Себебі әйелі жолдасының көп ісіне көз жұма қарайды, жылдам кешіре салады.


Не істеу керек?

Бұл жерде бастысы жағдайды дұрыс түсініп алу керек. Бар бақыт үшін күресу керек па, әлде оны іздеу керек па? Егер отбасыңызды, қарым-қатынасты сақтап қалғыңыз келсе, онда өзіңізге «берген уәделерін мүлдем орындамаса не болады, бір күндері төзімім таусылмай ма?» деген сұрақ қойып көріңіз. Егер өзіңізге сенімсіз, уәдесін орындамағанын кешіре алмайтын болсаңыз, онда құр елеспен өмір сүрмеңіз. Ал, егер бәріне көнемін десеңіз, онда уәделерге мән бермеңіз.



Дайындаған: Э.Базарбаева

ERNUR.KZ