​Өзіңізге СЕНІМСІЗ боп тұрған сәтте ОСЫ 5 СӨЗді айтыңыз

0
2 437

Сенімсіздігін жеңе алмаған адам алға жылжымайды


​Өзіңізге СЕНІМСІЗ боп тұрған сәтте ОСЫ 5 СӨЗді айтыңыз

Өзіне деген сенімсіздік – адамның ең үлкен тұсауы. Сенімсіздігін жеңе алмаған адам алға жылжымайды, өмірінде өзгерістер болмайды, қалағанын ала алмайды, жетістікке жету туралы мүлде айтпай-ақ қояйық. Сондықтан, сіздің басыңызда, өміріңізде болуы мүмкін жақсы нәрсенің барлығының бастауы – өзіңізге деген сенімде жатады.


Әрине, өзіме қатты сенімдімін дегендердің өзінің сынып қалатын кездері болмай тұрмайды. Кез келген бастаманың алдында күдік, күмән, негатив ойлар шырмайтыны шын. Осындай сәттерде өзіңізге айтып, рухыңызды оятататын 5 ойды есіңізге сақтап алыңыз.


1. Осы істі жасасам, ең алдымен өзіме, сонан соң басқа адамдарға пайдасы тиетіні анық. (Қылмыс жасайын деп жатпаған болсаңыз, одан басқаның бәрінде кез келген ісіңіз өзіңізден басқа тым болмағанда бір адамға пайдасын тигізеді)


2. Сенімсіздіктің астарында қорқыныш жатыр, ол – қалыпты нәрсе. Себебі, қорқыныш – қорғаныс функциясы. Бірақ мен осылай кейінге қалдыра берген сайын ішімдегі қорқыныш пен сенімсіздік үлкеймесе, азаймайды. «Қауіпке бас тікпеудің өзі үлкен қауіп, өйткені, уақыт пен мүмкіндікті өткізіп алу қаупі бар»


3. Қателессем, ештеңе етпейді, бұл – қалыпты нәрсе. Барлық адам кез келген нәрсені әйтеуір бір уақытта өмірінде бірінші рет жасап көрген. Сонда бәрінің өз-өзіне сенімді болғаны шамалы ғой. Олар да қателесуі мүмкін еді, біразы қателесті де. Бірақ онымен өмір тоқтап қалған жоқ.

4. Сенімсіздік – менде емес, менің ішімдегі сыншыда. Өмірімді өз қалауымша сүру үшін сыншылардың күдік-күмәніне шырмалмай, өз қалағанымды жасауым керек.


5. Соңғы сөз – «Мен өзім қалап тұрған барлық нәрсеге лайықтымын. Өзім қандай болуды қаласам, сондай болуға құқым бар».

Осы сөздерді өмірлік ұстанымға айналдырып, сенімсіздік, күдік, күмән билеген уақытта өз-өзіңізге қайталай қойсаңыз болғаны. Сіз алмайтын асу болмайды.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

WhatsApp арқылы ҰРЫСАТЫН ерлі-зайыптылар тез ТАТУЛАСАДЫ