ҰЯЛШАҚ балаларға ҚАНДАЙ КИІМ кигізуге болмайды

0
2 351

Баланың киімінің ТҮСІ мінез-құлқына ӘСЕР ЕТЕДІ


ҰЯЛШАҚ балаларға ҚАНДАЙ КИІМ кигізуге болмайды

Баланың киімі, әсіресе, оның түсі қатты әсер ететінін білесіз бе? Мамандар әр баланың мінез-құлқына қарап, соған лайықты түстегі киім кигізуге кеңес береді.


Киімнің түсі арқылы балада қалыптасқан мінезді түзетуге болады екен. Сондықтан кез-келген көшеге киетін киімдердің түсін аса мұқияттылықпен таңдау қажет.


  • Қызыл түсті киім – көбіне ұялшақ, жасқаншақ, именшек балалар үшін тура келеді. Ал белсенділігі жоғары, бір нәрсені бүлдіруге дайын тұратын балаларға қажеті жоқ.
  • Қызылсары түс (оранжевый) – депрессияға қарсы түс, яғни көңіл күйдің көтеріңкі болуына жақсы ықпал етеді. Ашуланшақ, әлсіз балалар үшін пайдасы көп. Ішкі эмоциясын сыртқа шығарып, өзін бағалауға жақсы әсер береді.
  • Сары түс – кез-келген баланы шаттық пен қуанышқа бөлейді, энергиясы артады.
  • Алқызыл, қызғылт (розовый) – бұл түс өз иесін нәзіктік пен жұмсақтыққа бөлеп, талғампаз етеді.
  • Суық түстер – қанық жасыл және қанық көк түс. Бұл түстер бала жүйкесіне тыныштық сыйлап, ашуын тежейді.
  • Кез-келген табиғи жасыл түс тыныштандырғыш ретінде әсер береді. Тыныштық пен тұрақтылықты қалыптастырады.
  • Ашық жасыл немесе ашық көк түстер – көзге бірден түседі. Мұндай түсті киімді көбіне балалар жаңа ортаға түскенде киіндіруге болады.
  • Көк түс – ер балалар киімінде көп кездеседі. Көк түс баланың өмірге ересек адамдарша қарауына ықпал етеді. Өзгелерді түсіну, ұғу, кешіру деген көзқарас қалыптастырады.
  • Қоңыр түс – баланы салмақтылыққа жетелейді.
  • Ақ түс – бала қиялын шарықтата түседі. Алғашқыда қиялдағы ақ параққа оның ойы жүйіткиді, келе-келе қарындашпен салынады, ал есейе келе іспен жүзеге асыруға тырысады.
  • Қара – жауапкершілік пен тәріптің көрінісі – қара киімді көп киетін балалар – ұқыпты, жан-жағына мұқият болады.


Егер киіммен қатар балаға үнемі түрлі аксессуарлар әперуді әдетке айналдырған болсаңыз, онда мұндай балалар көбіне шығармашылықтың адамы болып жатады. Яғни әнші, суретші, ақын, дизайнер т.б секілді.


Тағы оқыңыз: АТА-ӘЖЕНІҢ айтқанын қай кезде ТЫҢДАМАУ КЕРЕК?


Дайындаған: Базарбаева Э.

ERNUR.KZ.