Пәкістанда тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

0
82

Пәкістан ішкі істер вице-министрі Давуд Бареаш тоғызқұмалақ федерациясының президенті болып сайланды


Пәкістанда тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

фото: ИА "Новости-Казахстан", Анатолий Устиненко

ERNUR.KZ. Қазақтың ұлттық зияткерлік ойыны – тоғызқұмалақтың халықаралық өрісі тағы да кеңейді, деп жазады sputnik.kz.
Бүгін Пәкістан Ислам Республикасының астанасы Исламабад қаласында осы елдің Тоғызқұмалақ федерациясы ресми түрде ашылып, Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
"Елшілік бастамасымен Исламабадта салынып жатқан “Достық” спорт кешенінде қазақтың ұлттық спорт түрлері – Қазақ күресі мен Тоғызқұмалақ тұрақты түрде дамытылады. Кешен пайдалануға берілгеннен кейін Пәкістанның басқа ірі қалаларында да осындай орталықтар ашу жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Іс-шараға Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Мақсат Раманқұлов, Қазақстан Тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әкім Тұрсұн, атқарушы директор Серік Ақтаев, сондай-ақ Қазақстанның Пәкістан Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Ержан Қыстафин қатысты.
Жиналыс қорытындысы бойынша Пәкістан ішкі істер вице-министрі Давуд Бареаш тоғызқұмалақ федерациясының президенті болып сайланды.

Бұл бастаманың жүзеге асуына Қазақстан елшілігінің қолдауы зор болды, дейді комиеттегілер.