"Бір үйден екі кісі қайтқанда біреуін терезеден шығарады" - Келінді ТЕРЕЗЕДЕН кіргізгендер көпті таңырқатты (видео)

0
7 683

Жаңа түскен келін табалдырық емес, терезе аттады.


фото: ашық дереккөзден

Ұлы теңін тауып, бір басы екеу болса, ел болып қуанады. Ал, келген келін неге терезеден кіруі керек?

Жас келіннің беті ашылып, көпшілікпен таныстырылған соң үйіне есіктен емес, терезесінен кіргізген видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Қызу талқыға түскен бұл бейнежазбаға айтылып жатқан пікірлер көп.


Оқырмандардың айтуынша, бұл көптен келе жатқан дәстүр. Бір үйдің қос батыры бірден үйленсе, екеуін бірден есіктен кіргізуге болмайтын көрінеді. Ұлдың үлкені алған жары табалдырық аттаса, кішісі терезеден кіруге мәжбүр. Қазақ деген ырымшыл халықтың «қос келінді бірден түсіру жамандыққа алып келеді» деген түйіп алған ойы бар. Бұл да бір сол ырымды жоққа шығарудің бір белгісі деп түсіну керек болар.

Ал, оқырмандар тарапынан түрлі пікірлер жазылып жатыр.

«Екі адам бірдей өмірден өтсе, біреуін терезеден шығарады дегенді естіген едік», «Екі келінге де босағаны аттатып кіргізеді кезекпен.Терезеден қайтқан кісіні шығарады, бір үйден екі кісі қайтқан жағдайда», «Қазақтың ырымы деп әшейін өздерін көрсету үшін неше түрліні шығарады», «Ой ..мындайды бірінші көріп тұрмын», - деп өз ойларымен бөлісіп жатыр желі қолданушылары.

ERNUR.KZ