"Күйеуінен бір таяқ жеді-ау": Енесінен бөлек тұру - бақыт екенін айтқан келін көпке жақпай қалды (видео)

0
29 517

"Енесінен сөз естіп, күйеуінен бір таяқ жеді-ау, байгұс келін.."​, "Артында енесі тұр бетке айтып тұр ғой дым ұялмай"​, "Ата-енеге не істесең алдыңа келері анық", "Өзі ертең ене болатынын ойлап та тұрған жоқ" ...


Сурет: бейнежазбадан скриншот

Қазақ тойларындағы кезекті бір "жаңалық" орын алғандай. Себебі, сондай бір тойлардың біріндегі келіннің айтқан сөзі әлеметтік желіде талқыланып, тарап жатыр.

Ене мен келін тақырыбы қазақ отбасыларының арасында бүгінде өзекті деуге болады. Сондықтан да шығар, бейнежазбадағы келіннің жауабы біршама жандардың ашуын туғызған секілді. Себебі, көптің ортасына шыққан келін асабаның "Қандай әйел бақытты?" деген сауалына "Енесінен бөлек тұрған әйел бақытты" деп жауап береді.

Мұндай жауапты асабаның өзі де күтпесе керек, басын қасып не дерін білмей қалған сыңай танытады. Ал тойға жиналған көпшілік келіннің мұнысына қыран-топан күлкіге батты.

Десе де, әлеуметтік желіде келіннің сөзін құптап жатқан ешкім болмады. Керісінше, оқырмандар ашулы тәрізді.

"Енесінен сөз естіп, күйеуінен бір таяқ жеді-ау, байгұс келін..", "Артында енесі тұр бетке айтып тұр ғой дым ұялмай", "Ата-енеге не істесең алдыңа келері анық", "Өзі ертең ене болатынын ойлап та тұрған жоқ" деген сынды пікірлер қалдырыпты желі қолданушылары.

Дегенмен, кейбірі мұны қолдаған кейіп танытса, енді бірі асабаның ойыны деп қабылдапты.