Жанар Айжанова мерейтойын тойлады

0
6 528

"Жабыққан сәтте қас-қағым, Жанымды ұғар басқа кім? Жаңа бір әуен бастадым, Сендерге арнап, достарым!", - деп әндететін Жанар Айжанова бұл жолы достарына арнап ән емес, ақ дастархан жайды. Оған себеп халықтың ерке қызы елуге аяқ басты. Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желіде "Қош келдің, 50 жас! Қош келдің, Айжанның Жанары!" деп мерейтойды бастағалы жатырмыз..." деген жазба салды.


Жанар Айжанова мерейтойын тойлады

"Жабыққан сәтте қас-қағым,

Жанымды ұғар басқа кім?
Жаңа бір әуен бастадым,
Сендерге арнап, достарым!", - деп әндететін Жанар Айжанова бұл жолы достарына арнап ән емес, ақ дастархан жайды. Оған себеп халықтың ерке қызы елуге аяқ басты. Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желіде "Қош келдің 50 жас! Қош келдің Айжанның Жанары!" деп мерейтойды бастағалы жатырмыз..." деген жазба салды.

Мерейтойға қазақ өнерінің қаймақтары түгел жиналды. Ақ тілектері мен әнін қатар алып келген қадірлі қонақтардың арасында Мақпал Жүнісова, Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Арман Дүйсенов, Ғани мен Бота, Мирас пен Құралай, Жанболат пен Жазира және тағы да басқа өнер иелері бар.

Әншіге құрбысы, ақын Құрманай Бақтиярқызы:

"Жалын толы жанарың!

Жүрегіңде арманың,

Саконтайың Тарланың,

Жарты ғасыр өткерсең,

Алла сенің қорғаның", - деп өлең шумақтарын арнады. Мұнан өзге желі қолданушылары да әншіні мерейтойымен құттықтап, ақжарма тілектерін әлі де жолдап жатыр.

Фото әлеуметтік желіден алынды.