150 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілді

0
2 493

Шараға Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов қатысып, жаңадан пайдалануға беріліп отырған мәдениет үйінің лентасын салтанатты түрде қиды.


150 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілді

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Бәйдібек ауданы Ағыбет елді мекенінен 150 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шараға Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов қатысып, жаңадан пайдалануға беріліп отырған мәдениет үйінің лентасын салтанатты түрде қиды.

Аудан мәдениетінің шежірешісі әрі сазгері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, ауданның «Құрметті азаматы» Әуесхан Есенжолов ауыл тұрғындарына құттықтау тілегін білдірсе, елді мекен тұрғындары атынан ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Шаймахан Шайырбеков зәулім мәдениет үйінің Ағыбет ауылынан бой көтеріп, пайдалануға беріліп отырғандығына ел ризашылығы мен алғысын жеткізді.
Облыс қазынасынан қаржы бөлініп, ағымдағы жылдың мамыр айында басталған Ағыбет ауылындағы мәдениет үйінің құрылысы мерзімінде аяқталып отыр. Аталған мәдениет үйі толықтай заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Көрермендерге арналған 150 орындық концерт залы мен жеті мың данаға жуық кітап қоры бар кітапхана және оқу залы бар.

Жалпы, Ағыбет өңірінен шыққан елімізге Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, сатирик, сазгер Жарылқасын Дәулет, эстрада жұлдызы Айгерім Қалаубаева, айтыскер ақын, республикалық және халықаралық айтыстардың жүлдегері Біржан Байтуов сынды аға әпкелерінің жолын жалғаушылар жаңадан пайдалануға беріліп отырған мәдениет үйінен көптеп шығып, ауылдың мерейін одан әрі үстем ете береріне сенім мол.