«4 тонна құм»: Түркістанда жаңа арт-нысан ашылды

0
662

4 тонна құмды пайдалану символдық сипатқа ие.


«4 тонна құм»: Түркістанда жаңа арт-нысан ашылды

Түркістанда «4 тонна құм» арт-қондырғысы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс-шара Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орайластырылған және жыл сайынғы «Сексеуілді сақтайық» атты ұлттық науқанының бір бөлігі. Ауқымды шараны Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен (Министрлік) және жергілікті атқарушы билік органдарымен бірлесіп өткізді. Науқан халықтың сексеуіл ормандарының жерді тозудан және шөлейттенуден қорғаудағы рөлі туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.

Ашылу салтанатына Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Данияр Сеитов, Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Бекжан Қалымбетов және БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары Виталий Времиш қатысты.

Ормандар Қазақстан аумағының 4,8% - ын ғана алып жатыр, олардың жартысына жуығы сексеуілге тиесілі. Елдегі қолданыстағы заңнамалық мораторийге қарамастан, қазақ даласының символы саналатын сексеуіл сиреп барады. Мемлекет қорғауындағы ағаштың заңсыз кесіліп, халықтың отын ретінде пайдалануынан жойылу қаупі төніп тұр. Мұндай жағдай Түркістан облысында да орын алуда.

«Қазақстан сексеуіл өсетін ауданы бойынша әлемде бірінші орын алады-шамамен 6,7 млн га. Ол біздің республикамыздың экожүйесін сақтауда маңызды рөл атқарады және көптеген жабайы жануарлар мен өсімдіктердің мекендейтін орны болып табылады. Сексеуіл ормандарын жоғалту қайтымсыз салдарға алып келеді, олардың ең бастысы - шөлейттену. Сексеуілді заңсыз кесуден қорғап қана қоймай, оны сақтаудың маңыздылығы туралы халықты хабардар ету қажет», - деді ашылу салтанатында шаруашылық және жануарлар дүниесі орман Комитетінің төрағасы Асхат Қайнарбеков.

«4 тонна құм» арт-қондырғысы - жақын маңдағы шөлден әкелінген құммен жабылған үй. Ал, қолдан жасалған үйшік сексеуілді кесу салдарынан ауылдарға жақындап келе жатқан құмды бейнелейді. Сексеуіл – құмды-шөлдің қорғаны. Арт-нысан осыныны көрсетеді. 4 тонна құмды пайдалану символдық сипатқа ие. Өйткені бір сексеуіл ағашы дәл осындай құмды ұстап, жерді тұзды батпақ пен шөлге айналудан сақтай алады.

Бұл іс-шара планетаны қорғау бойынша жаһандық күш-жігерді жандандыру үшін күнтізбенің ең маңызды күні болып табылатын Дүниежүзілік қоршаған орта күні қарсаңында өткізілді. Осы жылы әр континентте және әр мұхитта экожүйелердің тозуын болдырмау, тоқтату және қалпына келтіру мақсатында Дүниежүзілік қоршаған орта күні БҰҰ-ның экожүйелерді қалпына келтірудің 2021-2030 жылдарға арналған онжылдығының ресми басталуын атап өтеді.

«Тұрақты даму мақсаттарын басшылыққа ала отырып, БҰҰДБ Қазақстан үкіметінің Қазақстанның биоалуантүрлілігін қорғау, сақтау және қалпына келтірудегі негізгі серіктесі болып табылады. Бүгін, Дүниежүзілік қоршаған орта күні қарсаңында біз осы көркемдік инсталляцияны біздің ортақ тұрақты болашағымыз үшін табиғатпен қарым - қатынасымызды қалпына келтіру үшін барлығымызға күш-жігерімізді біріктіру қажет екенін еске салу ретінде ұсынамыз», - деді БҰҰДБ Тұрақты өкілінің орынбасары Виталий Времиш.