​45 мың теңге үшін адам өлтірген таксистке үкім шықты

0
1 469

Жолаушыны айуандықпен өлтірген түркістандық таксист 19 жылға бас бостандығынан айырылды.


​45 мың теңге үшін адам өлтірген таксистке үкім шықты

Жолаушыны айуандықпен өлтірген түркістандық таксист 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыскер алғашқы сот отырысының өзінде-ақ кінәсін толық мойындаған. Бұған қоса 25 жастағы азамат сот процесі барысында тағы бір қылмысын мойындап, бірнеше бап бойынша заң алдында жауапқа тартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. otyrar.kz. сайтына сілтеме жасап.

Сот залына келген қылмыскер өзіне тағылған үкімді үнсіз тыңдап, процес біткенше басын көтере алмады. Жолаушысын өлтірген таксисті судья 19 жыл бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң режимде өтеуге шешім шығарды. Айыпталушы тарап судья шығарған шешімге қарсылық танытпады.

Қылмыскер деп танылған 25 жастағы азаматтың жақындары камера алдында сөйлегісі келмеді. Белгілі болғандай, таксистің өзі сот барысында тағы бір кінәсін мойындаған. Мұны ескерген судья екі бап бойынша шешім шығарған.

Ал марқұм келіншектің жақындары судьяның шешіміне көңілдері толмады. Айтуларынша, қыздарын айуандықпен өлтірген қылмыскерге кемінде 25 жыл беруі керек дейді.

Дариға Айдарова, марқұмның анасы: «Шешімге қанағаттанбадым. Кемінде 20-25 жылға сотталуы керек еді. Мен ешқашан кешірім бермеймін».

Сондай-ақ, судья сотталушыны қаза болған қыздың жақындарына 1 млн. теңге көлемінде моральдық- материалдық шығынды өтеуге шешім шығарды. Естеріңізге сала кетейік, із түзсіз жоғалып кеткен Айгерім Тасболатованы жақындары екі аптадан кейін өлі күйінде тапқан.

Марқұм келіншектің денесі ауылдың шетіндегі қамыстардың арасынан табылған. Куәгерлер соңғы рет қызды таксиге отырған жерінен көрген. Аталған істе күдікті ретінде 25 жастағы такси жүргізушісі ұсталған болатын. Сот кезінде айыпталушы қызды 45 мың теңгесі мен телефоны үшін буындырып өлтіргенін мойындады.