7000 жағажайы бар елге саяхат

0
729

Су асты әлемі де өте қызықты!


7000 жағажайы бар елге саяхат

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Филиппинде демалу әрқашан дұрыс таңдау болып саналады. Себебі, мұнда ауа-райы жайлы, әйгілі ақ құмды жағажайлар, экзотикалық табиғат пен мәңгілік мереке атмосферасы бар. Тіпті, жанартаулардың баурайында жаяу серуендеуге арналған жолдар да қарастырылған. Деректерге сүйенсек, дәл осы туристік аймақта түрлі талғамға сәйкес келетін 7000-ға жуық жағажай бар екен. Олардың бірқатарына тоқталып өтуді жөн санадық.


Боракай жағажайы

Боракай аралының басты көрікті жері – 4 шақырымға созылып жатқан әйгілі ақ жағажай. Бұл жерде тіпті демалыс маусымының қайнап тұрған шағында да еркін демала аласыз. Өйткені, аралдың үлкен аумағы барлық туристерді еш қиындықсыз сыйдыра алады. Сусындар мен тамақ сататын барлар да өте көп. Сонымен қатар, барлық қажеттіліктер, соның ішінде киім ауыстыратын орындар, душ пен дәретханалар жеткілікті. Оған қоса, белсенді демалысты ұнататындар үшін де парасейлинг, байдарка, қайықпен серуендеу сынды барлық жағдай жасалған.



Сандера жағажайы

Көбіне «жұмақ жағажай» деп аталатын Сандира жағажайы Бантаян аралындағы таңғажайып демалыс орны. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен әсіресе жас жұбайлар ақ құмды, толқындарды, керемет көріністер мен суға іргелес жатқан джунглидің шытырман жолдарын тамашалау үшін келеді. Дегенмен, мұнда курорттар, барлар және кәдесый сатушылар жоқ. Тек тұмса табиғат бар.



Накпан жағажайы

Танымал Накпан жағажайы Палаван аралының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Оның көрінісі жарнамадан алынған суретке ұқсайды. Әдемі пальмалар, ақ маржан құмы және жағаға жайбарақат соғылып жатқан теңіз толқындары… Жағажай өте ұзын. Сондықтан демалыс маусымының ең қызған уақытында да орын табылады және түбі құмды әрі таяз жағажай балалармен бірге демалуға өте ыңғайлы. Бұл жердің екі ғана кемшілігі – дәретхананың болмауы және жағалауға апаратын жол өте нашар.



Лонг-Бич

Филиппиннің ең ұзын бұл жағажайы ерекше сұлулығымен танымал. 14 шақырым ақ құм мен мұхиттың таза суы бұл жерді архипелагтағы ең жақсы жағажайға айналдырады. Бұл жағалаудың тағы бір артықшылығы – адамдардың мүлдем болмауы. Шындығында, Лонг-Бич танымал туристік карталарда ұсынылмайды, сондықтан мұнда демалушылар аз келеді. Жағажайда үлкен толқындар сирек кездеседі. Тыныш атмосфера, керемет көріністер мен жағалау бойындағы кокос пальмалары арасында серуендеу таңғажайып демалыс сыйлайды.


Алона жағажайы

Алона жағажайы Панглаода орналасқан Филиппиннің ең кішкентай туристік аралдарының бірі. Демалушылардың көпшілігі жергілікті қонақүйлерде немесе арзан жатақханаларда тұрақтайды. Содан кейін, осы тропикалық бұрыштың сұлулығы мен тыныштығына таңданып, демалыс өткізеді. Жұмсақ құм, жылы мұхит суы және көптеген сусын барлары туристерді магнит сияқты тартады.


Сауд Арабиясының жағажайы

Филиппинде кем дегенде бір рет демалғандардың көбісі Лузон аралының солтүстік шетіндегі ақ құмды лагунаға барады. Мұндағы кокос пальмалары жағаға жақын өскен және олардың сыбдыры көздің жауын алатын көк мұхит толқындарымен үндеседі. Дегенмен, Сауд Арабиясының жағажайы демалыс және мереке күндері ғана адамдарға толы болмаса, басқа уақытта келуші аз әрі тыныш болады. Сонымен қатар, жақын жерде қайықпен саяхаттауға болатын айлақ бар.



Сиаргао жағажайы

Аты аңызға айналған Сиаргао жағажайы серфингшілерге нағыз сыйлық. Себебі, мұнда жиі-жиі үлкен толқындар пайда болады. Жағажай ыңғайлы және қызықты демалыс үшін барлық жағдайларды ұсынады.


Перл фермасы жағажайы

Самал аралының батыс жағалауында сүңгуірлер үшін үлкен қызығушылық тудыратын әдемі Перл фермасы жағажайы орналасқан. Інжу-маржанды, жұмсақ қызғылт құммен жабылған жағалау белдеуі демалуға өте ыңғайлы.

Жағалауға жақын маңдағы тереңдікте бірнеше көрікті жерлер жасырылған. Атап айтсақ, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде батып кеткен жапондық кемелер, түрлі-түсті маржан рифтері мен қалдықтар су астын бағындырушылардың қызығушылығын тудырады.


Пуэрто-Галера шығанағы

Таңғажайып жағажайлары бар сансыз шығанақтар Пуэрто-Галера аралын Филиппиндегі ең танымал курорттардың қатарына қосты. Бұл жер керемет дамыған туристік инфрақұрылымымен де танымал. Сонымен қатар, мұндағы Сабанг жағажайы мен оның жағалауы 1973 жылдан бері ЮНЕСКО—ның «Әлемдегі ең әдемі жағажайлар» тізімінде. Бұл Филиппиндегі осындай атағы бар жалғыз нысан.

Пуэрто-Галера Индонезия, Малайзия және Филиппиннің жағалау аймақтарынан құрылған "Алтын үшбұрыштың" дәл ортасында орналасқан.


Бартон айлағы

Бартон айлағы Палаван аралының солтүстігінде орналасқан шағын қала. Мұнда Памуаян сарқырамасынан басқа ерекше көрікті жер жоқ. Бірақ Филиппиндегі басқа жағажайлардан ерекшеленетін таңғажайып орындар бар.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Туристер Европаның ЕҢ КІШКЕНТАЙ еліне неге құмар?


САҚИНА ЖАСЫРУ, БАРАБАН СОҒУ, ЗЕҢБІРЕК АТУ: Рамазан айындағы ҚЫЗЫҚТЫ ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАР