«Абайлаңыз, ата-ана!» тақырыбында кездесу өтті

0
1 291

Тәлімі мол кездесу өтті.


«Абайлаңыз, ата-ана!» тақырыбында кездесу өтті

Түркістан облысы, Сайрам ауданы Қарабұлақ ауыл округіне қарасты №100 жалпы орта мектебінде мұғалімдер ата-аналармен кереғар діни ағымдар мен ғаламтордағы жас буын тәрбиесіне кері әсер ететін әлеуметтік желілерден сақтандыру мақсатында «Абайлаңыз, ата-ана!» тақырыбында кездесу өткізді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сайрам ауданы Қарабұлақ ауыл округі әкімшілігі ұйымдастырған кездесуге мектеп ұстаздары, ата-аналар және Қарабұлақ ауыл округі әкімінің орынбасары Б. Шамуратов қатысты.

Алдымен, Қарабұлақ ауыл округі әкімінің орынбасары Б.Шамуратов еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұлттық мұраларымызды тануға серпін беретін «Ұлы даланың жеті қыры» атты құнды мақаласына тоқталып, ата-аналарға түсіндіріп өтті. Содан кейін сөз алған №100 мектептің директоры М. Сиддиков «Мектеп формасы және жастарды өзге ағымнан қорғайық» тақырыбында әңгімеледі. Ал Сайрам ауданындағы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Ж. Битанов «Ғаламтор – білім көзі емес» тақырыбы бойынша баяндама оқыды. Баяндамада ғаламтордағы бүлікке шақыратын, елге қарсы қоятын, теріс діни ағымдардан балаларды қорғау жөнінде айтылды.

Жиын соңында Түркістан облысы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ көпшілікке «Абайлаңыз, ата-ана!» тақырыбында мағыналы бейнеролик ұсынды.