Жиында Әдеп стандарттарының сақталуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, телефонмен сөйлесу және мемлекеттік қызмет көліктерін пайдалану жөнінде айтылды.
фото: facebook.com
Түркістан облысы, Арыс қаласы әкімінің кеңесшісі, жергілікті атқарушы органдарының әдеп жөніндегі уәкілі Е.Маханов ауылдық округ әкімдері аппаратының қызметкерлерімен семинар кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Жиынға Кәсіпкерлік, Ауыл шаруашылығы, Сәулет және қала құрылысы, Дене шынықтыру және спорт, ішкі саясат, Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, экономика мен қаржы бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауының «жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» атты тоғызыншы міндетінде: «Құқық қорғау органдарының өкілеттігі мен жауапкершілік шегі айқындалды.Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет» деп айтылған болатын. Мұнда Елбасы ізгілендіру жұмыстарын жалғастыруға ерекше мән берген. Әрбір мемлекеттік қызметші азаматтарға ізгі қызмет көрсетуі тиіс.
Жиында Әдеп стандарттарының сақталуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, телефонмен сөйлесу және мемлекеттік қызмет көліктерін пайдалану жөнінде айтылды.