Әлемдегі алпауыт компаниялардың бірі Түркістан облысында ірі жобаны іске асыруды жоспарлап отыр

0
1 077

Жалпы құны 1,1 млрд долларды құрайтын 500 га аумаққа жылыжай кешені салу ауданның экономикасын көтеруге және 10 мың жұмыс орны ашылатын ауқымды жоба болмақ.


Әлемдегі алпауыт компаниялардың бірі Түркістан облысында ірі жобаны іске асыруды жоспарлап отыр

Түркістан облысына келген Ресейлік «Эко-культура» компаниясының өкілдеріне ірі кешеннің салынатын жер телімін көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Келес ауданының аумағында арнайы қарастырылып бөлінген 500 га жылыжай кешенінің жер телімімен, Ресейлік инвестор «Эко-культура» компаниясының өкілдері танысты. Ресейлік «Эко-культура» компаниясының өкілдері танысу барысында ауданның географиялық тиімді орналасқанын атап өтіп, кешеннің инфрақұрылым жүйесін жасау жұмыстарын бастауды уағдаласты.

Жалпы құны 1,1 млрд долларды құрайтын 500 га аумаққа жылыжай кешені салу ауданның экономикасын көтеруге және 10 мың жұмыс орны ашылатын ауқымды жоба болмақ.

"Біз сала басшыларымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Көгілдір отынын жүргізуге, суғару жүйесін жүргізу бойынша бірнеше варианттар бар. Су ұнғымасын саламыз немесе суқоймасынан болмаса өзеннен тартатын боламыз. Бұл маңызды мәселе. Мүмкіндіктер көп, шешу жолын қарастырамыз. Бұл кешенге жылына 7 млн. текше метр су, ал көгілдір отыны сағатына 100 текше метр, электр энергиясына 40 МВТ қажет", - деді «Эко-культура» Президенті Александр Рудаков.

«Эко-культура» компаниясы алғашқы 50 гектар аумаққа, ал кейінгі жылдарда жыл сайын 100 гектар жерді қоса отырып егін егуді жоспарлап отыр. Бұл жоба 6-7 жыл ішінде толық іске қосылатын болады. Құрылысы жұмыстары голландық технологиясын қолдана отырып салынатын болады. Ал кешеннің құрал-жабдықтары Ресей еліннен тасымалданады.


«Эко-культура» - бұл дүние жүзіндегі жылыжай кешенін салудағы алпауыт компаниялардың бірі. Өткен жылы ірі жылыжай жобасын салу бойынша Өзбекстан президентімен келесімшартқа қол қойылды деген жаңалық шыққан болатын. Сол кезде біз осы компанияға шығып, ұсыныс жасадық. "Осында келіңіздер, Қазақстанда Өзбекстаннан да жақсы жағдай жасаймыз" дедік. Сосын белгілі бір себептермен ол кісілер Өзбекстандағы жобаны Қазақстанда салуға шешім қабылдап отыр", - деді "ҚазақИнвест» Ұлттық компаниясының Түркістан облысы бойынша өкілі Нұрдулет Қожа.

Естеріңізге сала кетейік, Келес ауданында жалпы құны 1,1 млрд долларға 500 гектарды құрайтын аумаққа жылыжай кешені салынуы бойынша ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің Түркістан қаласына сапары аясында меморандум түзілген болатын. Түркістан облысының әкімдігі мен «Эко-культура» ресейлік компаниясы арасындағы келісім бойынша жоба 2019-2025 жылдары іске асады. Еліміздегі ең ірі жылыжай кешеніне айналатын қожалықтың өнімдері ТМД мен Еуропа елдеріне экспортталатын болады. Жылыжай кешенінде алдағы уақытта қызанақ, қияр өнімдері өндірілмек.