«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Түркістанға келді

0
898

Өңірлердегі кездесуді киелі өлкеден бастады.


«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Түркістанға келді

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Түркістан өңірінің бір топ зиялы қауым өкілдері облысқа арнайы жұмыс сапарымен келген «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Ораловпен кездесті. Хатшы партияның жаңару, жандану аясында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, еркін форматта пікір алмасты.


Келелі жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев қатысты.


Алғашқылардың бірі болып сөз алған елімізге белгілі сазгер, профессор, ұстаз Бекжігіт Сердәлі партияның жұмысына сәттілік тілеп, бірқатар өзекті мәселелерді оның ішінде талантты жастарды қолдау, оларды қоғамдық жұмыстарға белсене қатыстыру, ән, күй сапасын жақсарту мақсатында шығармашылық кеңес құру сынды ұсыныстарын жеткізді.

Бөлісу