Арыс аудандық сотында кәсіби емес медиаторлар дөңгелек үстел өткізді

0
1 472

​Арыс аудандық сотында кәсіби емес медиаторлар мен билердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.


Арыс аудандық сотында кәсіби емес медиаторлар дөңгелек үстел өткізді

Арыс аудандық сотында кәсіби емес медиаторлар мен билердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Келелі кездесудің мақсат-міндетіне тоқталған аудандық сот төрағасы А.Ертаев өзара тауласып, билердің көмегімен дауды шешу- ата-бабамыздан сіңген қасиет екенін, бұрынғы заманда сот арқылы даулардың шешілмегенін және сот, полиция, прокурордың қазақ даласында болмағанын, барлық даулар бойынша билердің көмегімен татуласқанын, осыған орай қазіргі таңда туындаған даулар мен жанжалдарды билер мен медиторлардың қатысуымен шешу қажет екенін, татуластыру мәдениетін қалыптастыру, сот пен құқық қорғау органдарының қатысуынсыз, сотқа дейін дауды шешу өте маңызды екенін атап кетті.

Жиында "Татуластыру рәсімдерін өткізу ерекшеліктері» тақырыбында медиатор-тренер Асанова Л.Б. баяндама оқыды. Сондай-ақ жиында билер мен медиаторлардың жұмысы барысында сотқа дейін немесе соттағы татуластыру рәсімдерін өткізу барысында кездесетін негізгі мәселелерді жөнінде судья Ерназарова Г.А. баяндады. Қатысушылардың да сұрақтарына толыққанды заң талабына сәйкес жауап беріліп, басқа да жұмыс бабында туындаған мәселелер бойынша медиатор немесе билер әр дайым сотқа келіп, кеңес алуға болатынын, оған сот қызметкерлері дайын екенін айтылды.

Кездесуді қорытындылай келе, сот төрағасы А.Ертаев медиаторлар мен билерге адамгершілік қасиетті жоғары ұстануға, әрбір орын алған дауға түсінікпен қарауға, ауызбіршілікке, әрқашан ынтымақты ел болуға шақырды.