Арыс қаласында базар аумағындағы кәсіпкерлермен кездесу өтті

0
2 060

Іс-шарада базарларда оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданумен қызмет атқаратын кәсіпкерлерге онлайн бақылау кассалық-машиналарды тіркеу және қолдану тәртібі түсіндірілді.


Арыс қаласында базар аумағындағы кәсіпкерлермен кездесу өтті

фото: facebook.com

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Арыс қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері базар аумағында саудамен айналысатын кәсіпкерлермен онлайн бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін түсіндіру мақсатында кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Іс-шарада келесі жылдан бастап ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану міндеті туындайтынына назар аударылып, базарларда оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданумен қызмет атқаратын кәсіпкерлерге онлайн бақылау кассалық-машиналарды тіркеу және қолдану тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерге мұндай міндеттеме 2020 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап туындайтыны да айтылды.

Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлері кездесу соңында, барлық кәсіпкерлерді салық заңнамасының талаптарын сақтауға шықырып, кәсіпкерлікте сәттілік тіледі.