Арыс қаласында коворкинг орталық ашылды

0
2 677

Кітапхана компьютерлермен жабдықталып, ғаламтор желісіне қосылған, арнайы балалар алаңы ашылған. Ойын ойнауға, білім алуға және ғаламтор арқылы тиісті ақпараттар алуға жағдай жасалынған.


Арыс қаласында коворкинг орталық ашылды

Арыс қаласында заманауи білім орталығы ашылды «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім орталықтары» бастамшыл жобасы аясында Арыс қаласында «Coworking» заманауи білім орталығы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кітапхана компьютерлермен жабдықталып, ғаламтор желісіне қосылған, арнайы балалар алаңы ашылған. Ойын ойнауға, білім алуға және ғаламтор арқылы тиісті ақпараттар алуға жағдай жасалынған. Кітапхана жұмысын жаңартып, іске қосу үшін бюджеттен қаржы қарастырылуда Коворкинг орталығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов партия "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында бастамашылық жобалар кешенін ұсынғанын атап өтті.

- Бұл жобалардың маңызды бағыты елде білім мен білімге табынуды қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты дәстүрлі кітапханаларды жұмыс істеу және бос уақытын өткізу үшін қолайлы аймақтармен заманауи білім орталықтарына айналдыру жұмыстар атқарылуда, онда үнемі қызықты дәрістер, дискуциялар мен тренингтер өткізіледі. Яғни қазіргі кітапханалар енді тек қызмет көрсету мекемесі ғана емес, қала, ауыл тұрғындары үшін зияткерлік демалыс орнына айналады, - деді төрағаның бірінші орынбасары.

- Бүгінгі Арыс қалалық орталық кітапханада ашылып отырған коворкинг орталық Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасының кеңінен қанат қағуына ықпал жасайтын, ұл-қыздарымыздың білімін шыңдайтын нағыз замануи білім орталығына айналсын, - деп орталық жұмысына сәттілік тіледі.

– «Коворкинг» заманауи білім орталығы ашылуымен қала тұрғындарын құттықтаймын. Алдағы уақыта орталықтың тиісті деңгейде жұмыс істеп, кітап сүйер қауымның бас қосар нағыз орталығына айналуына қатысты тиісті ұйымдастыру жұмыстары одан ары жалғасын табады, - деді Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек.

«Коворкинг» заманауи білім орталығының салтанатты ашылу рәсіміне жастар бірлестігінің, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың, «Нұр Отан» партиясының Арыс қалалық филиалының өкілдері мен партия белсенділері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.