Арыс қаласында оқушыларға ұлттық тәрбие беру мәселесі талқыланды

0
1 828

Семинарда «Рухани жаңғыру» аясында тәрбие жұмысын жандандыру, оқушыларды ұлттық бағытта тәрбиелеу жан-жақты талқыланды.


Арыс қаласында оқушыларға ұлттық тәрбие беру мәселесі талқыланды

Түркістан облысы, Арыс қалалық білім бөліміне қарасты «Абай» атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-интернатында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыстық семинар өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Арыс қаласында «Абай» атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-интернатында «Рухани жаңғыру» аясында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы шеңберінде облыстық семинар ұйымдастырылды.

Білім мен тәрбиені жаңғырту бағыттарының мәні мен маңызы жан-жақты ашылған семинардың негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарын, отбасы және басқа да институттардың тәрбие мен оқытудың күшін жұмылдыру арқылы ұлттық жүйені дамыту болды. Мектептегі тәрбие үрдісінде мұғалімнің білім өресі ғана емес, әдіскерлік шеберлігі, жеке басының үлгісі, мінез-құлқы маңызды рөл атқаратыны айтылды. Сабақ барысында білім мен тәрбие әрдайым ұштастырылып, бірлікте болу қажеттігі де әңгімеленді.

Жан­-жақты әрі үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуді мақсұт тұтқан семинарға облыстық әдістемелік кабинетінің тәрбие саласы бойынша бөлім басшысы З.Алтаева, Арыс қалалық білім бөлімінің бас маманы А.Жунисов, Шардара аудандық және Арыс аудандық білім бөліміне қарасты мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.