АРЫСТА АТЫС: Екі ер адамның арасында туындаған жанжал адам өлімімен аяқталды

0
4 071

Қанды оқиға шілденің 29-ы күні жергілікті кафе маңында орын алған.


АРЫСТА АТЫС: Екі ер адамның арасында туындаған жанжал адам өлімімен аяқталды

Түркістан облысы Арыс қаласында ер адам танысын кафе маңында көпшіліктің көз алдында атып өлтірген, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Арыс қаласы, Ергөбек көшесінде орналасқан кафе алдына 29 шілде күні күдікті Б.П. өзінің танысы Қ.А. шақырып, кездеспек болған.

Екеуінің бұрыннан келе жатқан басараздықтары болған көрінеді. Кездесуге күдікті мен жәбірленуші топтанып жақтастарын ертіп келген. Сөзге келісе алмаған екі тарап арасында жанжал туындап, кикілжің кісі өлімімен аяқталған.

Күдікті Б.П. өзімен бірге алып келген атыс қаруымен көпшіліктің көз алдында жәбірленуші Қ.А.ны бір атып, оқиға орнынан бой тасалаған.

"Нәтижесінде жәбірленуші Қ.А. өзіне келмей оқиға орнында қайтыс болған. Күдіктінің іс-әрекеті Қазақстан Республикасының ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 7,9-тармақтарымен сараланып, аса ауыр санаттағы қылмысты қасақана жасағаны ескеріле отырып, 2 ай мерзімге, яғни 2019 жылғы 29 қыркүйек сағат 22-00 минутқа дейін күзетпен ұстауға санкция берілді,", - деп хабарлады Арыс аудандық сотының баспасөз қызметі.