Арыста үйлестіру кеңесінің жиыны өтті

0
1 088

Жиында мектеп медицинасын денсаулық сақтау жүйесінде одан ары дамыту бойынша және медицина ұйымдарында денсаулық мектептерінің жұмысын күшейту туралы баяндамалары тыңдалып, талқыланды.


Арыста үйлестіру кеңесінің жиыны өтті

фото: facebook.com

Түркістан облысы, Арыс қаласының әкімдігінде Арыс қаласы әкімдігі жанындағы халық денсаулығын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесінің жиыны өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жиынға Арыс қаласы әкімінің орынбасары Р.Айтбаев, дербес бөлім басшылары мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері қатысты.
Жиынды қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев ашып, жүргізіп отырды.
Халық денсаулығын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында Арыс қалалық Білім бөлімінің басшысы Ә.Мұсаевтың Арыс қаласында мектеп оқушылары арасындағы профилактикалық және сауықтыру іс-шаралары туралы, орта білім беру және арнайы орта білім беру мекемелерінде дұрыс тамақтануды қолға алу бойынша және Арыс аудандық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Л.Исаевтың мектеп медицинасын денсаулық сақтау жүйесінде одан ары дамыту бойынша және медицина ұйымдарында денсаулық мектептерінің жұмысын күшейту туралы баяндамалары тыңдалып, талқыланды.
Жиын барысында үйлестіру кеңесі мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, олардың орындалуы бақылауға қойылды.