Соңғы бірнеше күнде 40-тан астам науқас дертінен толық айығып, аман - есен отбасына оралды.
Арыс қаласында болған төтенше жағдай орын алған күннен бастап 300-ге жуық адам дәрігер қарауында болған. Олардың басым бөлігі медициналық қараумен шектелген. Ал ауруханаға түскендердің басым бөлігі ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгінгі таңда Түркістан облысының ауруханаларында 34 науқас ем қабылдауда.
Дәрігерлер зардап шеккен азаматтар үшін барлық мүмкіндіктер жасауда.
Соңғы бірнеше күнде 40-тан астам науқас дертінен толық айығып, аман - есен отбасына оралды. Бүгінде Облыстық клиникалық ауруханада 30-ға жуық науқас бар, облыстық балалар ауруханасында 4 бала дәрігерлер бақылауында. Бір баланың жағдайы ауыр. Қалған балалар шығаруға дайын.
Дәрігерлер тәулік бойы күшейтілген жағдайда жұмыс істеуде. Медициналық және психологиялық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Түркістан облысының дәрігерлері бір күндік жалақыларын Арыс жарылысынан жапа шеккен жандарға арналып ашылған қорға аударды. Сондай- ақ, жергілікті дәрігерлер арыстық азаматтарға арнап қайырымдылық шарасын өткізді.