АРЫСТАҒЫ ЖАРЫЛЫС: Облыс әкімі оқиға орнына барды

0
1 345

Жағдай облыс әкімінің бақылауында.


АРЫСТАҒЫ ЖАРЫЛЫС: Облыс әкімі оқиға орнына барды

Қазіргі кезде облыс әкімі Ө.Шөкеевтің басшылығымен шұғыл топ құрылып, Арыс қаласына барып тиісті жұмыстарды жүргізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін 24 маусым сағат 09:20-да өрт сөндіру қызметіне Арыс қаласындағы №44856 әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болып, өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен болатын.

Оқиға орнына облыстық ТЖД жеке құрамының 52 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ Шымкенттегі кинологиялық қызметтің 23 адамы аттандырылды. Қазіргі таңда оқиға орнында өрт сөндіру мен эвакуациялық шаралар атқарылуда. Төтенше жағдайдан зардап шеккендер туралы ақпарат анықталуда.

Қосымша xабарланатын болады.

Айта кетейік, Арыс қаласының тұрғындары жаппай көшіп жатқаны турасында әлеуметтік желіде фото және бейнежазбалар таралған болатын. Сонымен қатар, шұғыл көшіру жұмыстары жүргізілгені де ресми жарияланған еді.

Ордабасы ауданында шұғыл медициналық штаб құрылып, іске жұмылдырылуда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарылысқа байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.