Арыстағы жарылыс: Жамбыл облысы мен Шымкент қаласынан 14 жедел жәрдем көлігі көмек көрсетті

0
2 104

Көмек жіберген Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов пен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовқа алғыс білдіреді.


Арыстағы жарылыс: Жамбыл облысы мен Шымкент қаласынан 14 жедел жәрдем көлігі көмек көрсетті

Жамбыл облысы мен Шымкент қаласы әкімдігі Арыстағы жарылыс салдарынан жараланған жандарға көмек көрсету үшін 14 жедел жәрдем көлігін жіберген, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшылығы Арыста орын алған апатты жағдайға орай қолын созып, 14 жедел жәрдем көліктерін көмекке жіберген Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов пен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовқа алғыс білдіреді.

Сондай-ақ, Түркістан облысының дәрігерлер қауымдастығы «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қорына 1 күндік жалақысын аударды. Қаржы Түркістан облысының Арыс қаласында болған жарылыстардың салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге бағытталған.

Айта кетейік, 24 маусым күні Түркістан облысына қарасты Арыс қаласындағы әскери бөлімшеде жарылыс болды. Оқиға орнына шұғыл түрде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетіп, жарылыс аумағынан эвакуациланған тұрғындармен кездескен болатын.