Бөлінген қаражат есебінен 6 бағыт бойынша 4 221 жобаға, жалпы 30,2 млрд теңге несие берілді.
Түркістан облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауыл аманаты» жобасы қарқынды жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған.
2023-2026 жылдары облыста «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру үшін республикалық бюджеттен жалпы 30,2 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 2023 жылы 19,8 млрд теңге, 2024 жылы3 млрд теңгежәне 2025 жылы7,4 млрд теңге толық игерілді. Бөлінген қаражат есебінен 6 бағыт бойынша 4 221 жобаға, жалпы 30,2 млрд теңге несие берілді.
Аталған бағдарламаның іске асырылу барысы Түркістан облысы әкімінің төрғалығымен өткен жиналыста жан-жақты талқыланды. Өңір басшысы жобаларды жүзеге асырудасапа мен нақты нәтижеге баса назараудару қажеттігін атап өтіп,жауаптыларға бірқатартапсырма жүктеді.
– «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы жаңа жұмыс орындары мен кәсіпорындар ашылуға тиіс. Бөлінген қаражатты бірінші кезекте терең өңдеу саласына бағыттаған жөн. Ауадандарда осы бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған өндірістік ғимараттар салу жұмысын жандандыруды тапсырамын, – деген облыс әкімі аудан, қала әкімдеріне, тиісті жауаптыларға жұмысты ширату қажеттігін ескертті.
«Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Бекжан Бисенбаев бағдарламаның жүзеге асуы өңірімізде айқын әрі нақты нәтижелер көрсеткенін жеткізді. Нақтырақайтсақ, шағын кәсіпкерлік 4221 бірлікке артты. Сонымен қатар 4635 жаңа жұмыс орны ашылды. Жалпы аумағы 29,3 гектарды құрайтын 593 жылыжай кешені салынып, мал басы 76887-ге ұлғайды. Бұдан бөлек79 қайта өңдеу кәсіпорны іске қосылды. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 441 адамғаазайды. Жүзеге асқан жобалардың нәтижесінде жыл сайын шамамен 30 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріледі.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту жұмыстары қарқын алуда. Қазіргі таңда қайта өңдеу саласы бойынша жалпы 54 жоба1480 млн теңгеге қаржыландырылып, толық жүзеге асырылды.
Сонымен қатар жобаларды кешенді дамыту мақсатында Бәйдібек, Созақ, Ордабасы аудандары менКентау қаласында«Ауыл аманаты» жобаларына арналғанғимараттарын ашу жоспарланған. БүгіндеБәйдібек ауданы Шаян ауылында тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Мұнда тігін, кондитерлік, қолғап және сабын өндірісі бойынша 12 шағын жоба іске қосылып, 35 жаңа жұмыс орны ашылады. Ал Созақ ауданында кәсіпкерлер есебінен арнайы ғимарат ашылып, жеңіл өнеркәсіп бағытында 6 жоба жүзеге асырылуда.
Айта кетейік, Түркістан облысы аталған бағдарлама бойынша2026 жылыреспубликадан 15,3 млрд теңге қаражат тартуды көздеп отыр. Бұл қаржы 1151 жаңа жобаны жүзеге асыруға және 2468 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. 2026 жылы өңірдіңауылдық округтерінде 4,6 млрд теңгеге қайта өңдеу саласын несиелендіру жоспарланған.


