«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ»: Сайрамда 45 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді

0
143

4 жол құрылыс жұмыстары 2025 жылға өтпелі.


«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ»: Сайрамда 45 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді

Сайрамда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен 45 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сайрам ауданында соңғы жылдары әлеуметтік нысандардың құрылысы жүріп, оның бірқатары өңір халқына табысталды. Бүгінде ауданға қарасты ауылдарда жол құрылысы қарқын алып, сапасы сын көтермейтін көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Атап айтқанда, өткен жылы Сайрам ауданының орталығынан өтетін облыстық маңызы бар КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Шынбұлақ» автомобиль жолының 25,5 шақырым аралығы мен 33,8 аралығына күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Аталған жол құрылысы биыл аяқталады деп күтілуде.


Сонымен қатар өткен жылы аудандық маңызы бар КХ-40 «Ақсу-Манкент-Жібек жолы» автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, ұзындығы 26,3 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар 5 көшеге орташа жөндеу жұмыстарына қаржы қаралды. Қазіргі таңда Қарасу ауылдық округіне қарасты Ақбай ауылы орталығындағы 1 аудандық жол қабылданып, қалған 4 жол құрылыс жұмыстары 2025 жылға өтпелі.


2024 жылы аудандағы елді мекендердің көшелеріне «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында тиісті қаржы бөлініп, 60 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуі жоспарланған. Нәтижесінде өткен жылы 55,5 шақырымды құрайтын 45 көшенің құрылысы аяқталса, биылға өтпелі болған 15 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.


Жол-көлік оқиғасының алдын алу және аудандағы жолдардың жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін артыру мақсатында аудандық маңызы бар 6 жолдың, ішкі 26 көшенің орташа жөндеу жұмыстарына қаржы қарау бойыша салалық басқармаға ұсыныс енгізілді.


Айта кетейік, Сайрам ауданындағы жалпыға ортақ автомобиль жолдары және елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 1298,1 шақырымды құрайды. Оның ішінде облыстық маңыздағы жолдар – 183,9, аудандық маңыздағы жолдар – 140,5 шақырым, елді мекен көшелері951,7 шақырымды құрайды.

Бөлісу