Қазақстандық полиция "чекистер" мен прокурорларды жеңіп кетті

0
1 298

Әсерлі және тартысты текетіресте ҚР ІІМ командасы финалда ҚР ҰҚК командасын 3:2 есебімен жеңіп, бірінші орынды иеленді. ҚР ҰҚК екінші орынды қанағат тұтты.


Қазақстандық полиция

Оңтүстік Қазақстан облысында Астананың 20 жылдығына арналған Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында шағын футбол бойынша «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының біріншілігі өтті,-деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Дәстүрлі республикалық жарыстарда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімдері, ҚР Бас прокуратурасы, Ұлттық ұланы, ҰҚК шекара қызметі, сондай-ақ ҚР қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлерінен жасақталған тоғыз құрама команда қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша финалға ҚР ІІМ мен ҚР ҰҚК шықты.

Әсерлі және тартысты текетіресте ҚР ІІМ командасы финалда ҚР ҰҚК командасын 3:2 есебімен жеңіп, бірінші орынды иеленді. ҚР ҰҚК екінші орынды қанағат тұтты.

Ал, ҚР ІІМ МКҚБ командасынан 1:0 есебінде жеңілген Бас прокуратура командасына үшінші орын бұйырды.


ОҚО ІІД мен «Динамо» ДСҚ басшылары жарыстың соңында жеңімпаз және жүлдегер командаларды кубок, медаль, дипломдар мен бағалы жүлделермен марапаттады. Сондай-ақ біріншіліктің ең нәтижелі ойыншыларын диплом мен бағалы жүлделермен марапаттады, оның ішінде: ҚР ІІМ командасынан Данияр Сағындықов үздік қорғаушы, Бас прокуратура командасынан Қуаныш Зулкашев үздік қақпашы, ал үздік шабуылшы ҚР ҰҚК қызметкері Нұрсұлтан Дарашев атанды.