Бәйдібек ауданында мұғалімдердің кәсіби меркесі аталып өтті

0
2 190

Білім беру нысандарымен қамтылу жағынан аудан көш бастап тұр деуге болады. Олай дейтініміз былтыр Кеңес, Жиенқұм ауылында 150 орындық мектеп пайдалануға берілген болатын.


Бәйдібек ауданында мұғалімдердің кәсіби меркесі аталып өтті

Бәйдібек ауданнының орталығындағы мәдениет үйінде берекелі қазанның алғашқы аптасында аталатын мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Мерекелік шараға қатысқан аудан басшысы Б.Танагөзов барша ұлағатты ұстаздарды құттықтап, білім саласының дамуына өз үлестерін қосып жүрген бірқатар үздік ұстаздарға құрмет грамоталары мен алғыс хаттарды және төс белгілерді табыстады.

Сонымен қатар шарада аудандық мәслихаттың, «Нұр Отан» партиясы аудандық филалының және аудандық білім бөлімінің кәсіподақ ұйымының алғыс хаттары мен естелік сыйлықтары табыс етілді.
Ұстаздар күніне байланысты ұйымдастырылған шараға қатысушылар ауданымыздағы мектеп мұғалімдері мен оқушылары және балабақша бүлдіршіндерінің арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады.

Бәйдібек ауданда 49 ден астам мектеп бар. Қазір соның сегізінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұлар қолданысқа берілген жағдайда ауданда үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі түбегейлі шешілетін болады. Білім беру нысандарымен қамтылу жағынан аудан көш бастап тұр деуге болады. Олай дейтініміз былтыр Кеңес, Жиенқұм ауылында 150 орындық мектеп пайдалануға берілген болатын.