​«Бал текстиль» - «Алтын Сапа» сыйлығының иегері

0
1 303

«Бал Текстиль» компаниясы облыста ғана емес еліміздегі ең ірі кәсіпорын.


​«Бал текстиль» - «Алтын Сапа» сыйлығының иегері

фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысының ірі кәсіпорны «Бал Текстиль» фабрикасы «Алтын сапа - 2018» сыйлығының иегері атанды. Ұжым тұтыну тауарлары өндіретін үздік кәсіпорын атағын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Алтын сапа - 2018» - еліміздің үздік кәсіпорындарын анықтап берді. Маңызы жоғары сыйлықты алуға 182 кәсіпорын өтінім берген. Алайда, оның тек он екісі үздік деп танылды.

«Бал Текстиль» компаниясы облыста ғана емес еліміздегі ең ірі кәсіпорын. Қуаты жылына 3 млн шаршы метр кілем өндіруге жетеді. Бүгінде өнімінің 30 пайызын шет мемлекеттерге экспорттап жүр.Бұл кәсіпорынның кілемдері сапа стандарттарына толық сай келеді. Сол себепті, «Алтын сапа-2018» сыйлығының жеңімпазы атанып отыр. Сыйлықты табыстау рәсіміне Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуы шараның маңызын арттырады. Кәсіпорын директоры Талғат Исхахов бұл сыйлық өзі басқарған кәсіпорынның 300-ге тарта қызметкерлерінің ортақ жеңісі деп біледі.

«Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқау заманауи менеджменттің даму үрдісін ескеретін тәсіл бойынша жүргізілген. Сапа бойынша Еуропа сыйлығының моделімен үйлестірілген. Байқауда өндіріс басшысының көшбасшылық рөліне, ұйымның сапа саласындағы саясаты мен стратегиясына, өнімдер мен қызметтер сапасының тұтынушылар тарапынан бағалануына қатысты көрсеткіштер ескеріледі. «Бал Текстиль» ЖШС директоры - Талғат Исхахов.

Айта кетейік, «Алтын сапа» сыйлығы ҚР Президенті жарлығына сәйкес 2006 жылдан бері жыл сайын беріледі. Байқауға ел аумағындағы тауар өндіру, қызмет көрсетумен айналысатын, мемлекеттің қатысу үлесі 50%-дан асатын ұйымдар қатысуға құқылы. Алтын сапа сыйлығының мақсаты: Қазақстанның жаңа экономикасын қалыптастырып, тауар мен қызмет сапасын үздіксіз артуын қамтамасыз ету.