Барлық азаматтар салық декларациясынан өтеді

0
683

Декларацияны тапсыру мерзімдері қағаз жүзінде тапсырылған жағдайда 15 шілдеден кешіктірілмеуі қажет.


Барлық азаматтар салық декларациясынан өтеді

2025 жылы барлық азаматтар салық декларациясынан өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жалпыға бірдей декларациялау төрт кезеңнен тұрады. Алғашқы кезең өткен жылы өтсе, екінші кезеңде 2023 жылы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен жұбайлары квазимемлекеттік субьектілердің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары тапсыратын болады.Бұл туралы бүгінгі брифингте Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Көкенов Мейрамбек баяндады.


«Үшінші кезеңде заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және жеке кәсіпкерлер тапсырса, 2025 жылы қорытынды кезеңде барлық азаматтар салық декларациясын тапсырады», - деді Мейрамбек Байқадамұлы.


Декларацияны тапсыру мерзімдері қағаз жүзінде тапсырылған жағдайда 15 шілдеден кешіктірілмеуі қажет, ал электрондық түрде тапсырылған жағдайда 15 қыркүйектен кешіктірілмеуі тиіс. Сонымен қатар, брифингке қатысқан бөлім басшысы Зағит Жаппарқұлов декларацияны электронды түрде E-salyq azamat мобильдік қосымшасы арқылы табыс етуге болатындығын айтты.