Олардың барлығы ОҚО тұрғындары болып шықты.
ERNUR.KZ. ОҚО ІІД ҰҚҚКБ қызметкерлері базардан қыз ұрлап бара жатқан бейнероликтің кейіпкерлерін анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жақында әлеуметтік желілерде ОҚО-да орын алған орамжапырақ сатушы қызды ұрлап бара жатқан бейнематериал жарық көрді. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары да жарыса жазған еді. ОҚО ІІД ҰҚҚКБ қызметкерлері бейнероликтің кейіпкерлерін анықтады. Олардың барлығы ОҚО тұрғындары болып шықты. Ұрланған қыз бен оның ата-анасы ешкімге қояр арыз-шағымдары жоқ. Қазіргі таңда ол қыз тұрмысқа шықты. Өз кезегінде, айта кетсек, қалыңдықтың туыстары ішкі істер органдарына бейнематериалды таратқандарды жауапкершілікке тарту бойынша арызданбақшы.
ВИДЕО желіден алынды