Әуе компаниясының мәліметінше, 14 сәуірде екі жолаушы мас халде экипаж мүшелеріне тіл тигізіп, тіпті бірі аға жолсерікті бірнеше рет ұрған.
ERNUR.KZ. Bek Air әуекомпаниясы Шымкент — Астана рейсіндегі ұшақта орын алған оқиға куәгерлерін іздеп жатыр.
Әуе компаниясының мәліметінше, 14 сәуірде екі жолаушы мас халде экипаж мүшелеріне тіл тигізіп, тіпті бірі аға жолсерікті бірнеше рет ұрған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын Астана әуежайындағы көліктегі полицияның желілік бөлімі тергеп жатыр.
Іс аясында аға жолсерік пен екі жолаушыны беттестірген. Алайда басқа шаралар әлі қолданылмапты. Bek Air атап өткендей, оқиғаға куә болған өзге жолсеріктер мен жолаушылардан жауап алынған жоқ.
"Осы рейсте болып, оқиға туралы мәлімет бергіңіз келсе, бізге жеке хабарлама жолдаңыз", — деп хабарлады әуе компаниясы Instagram парақшасында.