Бірнеше пәтерді тонап келген ұрылар қолға түсті

0
1 142

Полицияға белгісіз біреулер телефондарын, теңгелерін және де басқа бағалы заттарын үйлерінен ұрлап кеткендігі туралы шағымданған.


Бірнеше пәтерді тонап келген ұрылар қолға түсті

ERNUR.KZ. Ордабасы ауданының тәртіп сақшылары пәтер ұрлығының 40-тан астам жайтына қатысы бар, басқаның мүлкін ұрлауды кәсіп қылған қылмыстық топты жойды, деп жазады Otyrar.kz.

Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемінің жалпы мөлшері бірнеше миллион теңге болған.

Полицияға белгісіз біреулер телефондарын, теңгелерін және де басқа бағалы заттарын үйлерінен ұрлап кеткендігі туралы шағымданған. Мысалы, жергілікті тұрғынның бірі мамыр айының басында түн ішінде үйіне түсіп, жалпы құны 100 000 теңгелік екі ұялы телефонын ұрлағанын хабарлаған. Аталған жайт ҚР ҚК –нің 188 «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеуге алынды.

Пәтер ұрлығын ашу мақсатында полиция бөлімінде тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жасақталған тергеп-тексеру тобы құрылды. Жедел-іздестіру тобы күдіктіні ұстап, мойындату мақсатында барлық қажетті іс-шараларды жүргізді. Ордабасы аудандық қызметкерлері жүргізген нәтижелі жедел-іздестіру шараларының арқасында қылмыстық топты Шымкент қаласында құрықтады. Олар Шымкент қаласының 4 тұрғыны болып шықты, олардың екеуі бұрында сотты болғандар екен.