"Денсаулық сандарына жет" - Төлебиліктер фестиваль өткізді

0
2 128


Түркістан облысы, Төле би ауданында"Жастық" стадионында "Денсаулық сандарына жет" ұранымен Салауатты өмір салты фестивалі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Фестивальға аудан тұрғындары, мекемелер, кәсіпорындар мен мектеп және колледж студенттері қатысты. Фестиваль қатысушылары спорттық іс-шараны жалпы жаттығудан бастады. Содан кейін аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің жаттықтырушылары мен жоғарыда аталған мектептердің дене шынықтыру пәні оқытушыларының жетекшілігімен спорттық іс-шараға қатысушылар топтарға бөлініп, футбол, баскетбол және волейбол сияқты спорт түрлерінен жарыстар өтті.

Аталған фестивальдің бастамашысы Төлеби аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімі. Өткен іс-шараның мақсаты ауданның мектеп оқушылары мен жастарын спортқа және салауатты өмір салтына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, жастарға әсер ететін жағымсыз факторларға қарсы насихат жүргізу және олардың жағымды және пайдалы әуестенуге деген қызығушылығын арттыру.

Жарыстан кейін жеңімпаз командалар және жеке көзге түскен спорттық іс-шараға қатысушылар естелік сыйлықтармен, спорттық құрал-сайман, дипломдармен және кубоктармен марапатталды.