​«Дін және жастар» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

0
4 081

Кездесудің мақсаты - Терроризмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан - жақты талдап, жастарға ой салу.


​«Дін және жастар» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

фото: facebook.com

Арыс қалалық әкімдігіне қарасты Жиделі ауылдық округі Жиделі жалпы орта мектебінде жоғарғы сынып оқушылар арасында «Дін және жастар» тақырыбында кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Кездесудің мақсаты - терроризмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан - жақты талдап, жастарға ой салу. Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақ халқының діни ұстанымы мен салт - дәстүрлерін қастерлеп сақтауға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ат салысу болып отыр.

Қазақтың көрнекті ағартушысы, ақын Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінің бірінде: "Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі" деп ұлағатты сөз айтып кеткен болатын. Бұл бізге, қоғам, мемлекет дамуының маңызды қырларын ашып көрсетеді. Сондықтан, мемлекеттің жастарды тәрбиелеуге, тәні сау және рухани бай жастар ортасын қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлуі өте маңызды.